Главная Новости «Жетібаймұнайгазда кен орнын басқару орталығы пайдалануға берілді
12 марта 2026, 13:52 35

«Жетібаймұнайгазда кен орнын басқару орталығы пайдалануға берілді

«Жетібаймұнайгазда кен орнын басқару орталығы пайдалануға берілді

Өндірістік басқармада деректерді цифрландыру мен орталықтандыру арқылы мұнай өнімінің тиімділігін арттыруға бағытталған Кен орнын басқару орталығы (КоБО) енгізілді.

Бұған дейін ұңғымалардың, топтық қондырғылардың және басқа да технологиялық нысандардың жұмысы туралы мәлімет әртүрлі ақпараттық жүйелерде орналасқан болатын. КоБО-ғын іске қосу нәтижесінде негізгі өндірістік нысандардан түсетін деректер бірыңғай цифрлық платформаға біріктіріліп, диспетчерлік қызметкерлерге нақты уақыт режимінде жеткізілетін болды.

Жобаны іске асыру барысында өндірістік деректерді жинау мен талдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру, технологиялық процестерді басқарудың жеделдігін арттыру, сондай-ақ жабдықтың жұмысын талдау және болжау үшін заманауи аналитикалық құралдарды енгізу - басты міндеттердің бірі. Бүгінде Кен орнын басқару орталығы өндірісті басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды.

Орталық өндірістік нысандардың жұмысын нақты уақыт тәртібінде бақылауға және мұнай өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Диспетчерлік қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. «Жетібаймұнайгаз» ӨБ ОИТҚ КоБО-да биіктігі электрлі түрде реттелетін заманауи өнеркәсіптік эргономикалық жұмыс үстелдері орнатылды. Бұл қызметкерлерге жұмыс процесін отырып та, тұрып та тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар инфрақұрылымды жаңарту аясында тұрмыстық үй-жайлар да жаңғыртылды. Атап айтқанда, қызметкерлердің тамақтануына арналған асүй жаңартылып, киім ауыстыру бөлмесі толық қайта жабдықталды. Онда жаңа жиһаз бен заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ алдағы уақытта да мұнай өндіру тиімділігін арттыруға және өндірістік процестерді одан әрі оңтайландыруға бағытталған цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізуді жалғастыруда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: