Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Альберт Эйнштейннің «Жетістікке жетуге ұмтылма, пайдалы болуға тырыс» деген сөзін өмірлік ұстанымы етіп алған Қансұлу өзінің Жетібай кенорнының өсіп-өркендеуі жолында үлес қосып жүргенін мақтаныш етеді. Мұнайгаз өндірісіне 1982 жылы 18 жасында келген ол күні бүгінге дейін «Жетібаймұнайгаз» өндірістік бірлестігіне қарасты №1 мұнай және газ өндіру цехында аянбай еңбек етіп келеді.
«Өндіріске аяқ басуыма анамның ықпалы болды. Ол кісі 18 жасынан осы «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының токарь цехында ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Атадан алты баламыз, төрт ағам, бір апам бар. Ең алғаш жұмысқа қосылған кезде «Жетібаймұнайгаз» өндірістік бірлестігінің МГӨК-1 №18 топтық қондырғыға түстім. Сол топтық қондырғыда мені алғаш Жолекен Байжауынова деген апам қарсы алып, жұмыстың мән-жайын, өндірістің қыр-сырын үйретті. Қазір ол кісінің жасы 87-ге келді, әлі күнге хабарласып тұрамыз», – дейді кейіпкеріміз.
Оймашыдағы №5 бригада құрамында ширек ғасырға жуық табандап жүріп тәжірибие жиған маман тәулігіне 343 мың текше метр қара алтын өндіретін цехтың жай-күйіне кеңірек тоқталды.
«Ол кезде автоматты қондырғы, құрал-жабдық деген атымен жоқ, көп жұмыс қолмен жасалатын. Насостарды, ұңғымаларды қолмен қосамыз. Тіпті байланысатын құралдың өзі қазіргідей емес, қабырғаға ілінген үлкен қара телефон еді. Қазіргідей өндіріске арналған киімдер де қат кез еді. Әйтсе де елге, жерге болсыншы деген жанашырлық басым болды. Ұжымда қазіргі таңда 35 адам қанаттасып қызмет істейді. Біз өзімізге жүктелген міндеттерді сүйіспеншілікпен атқара жүріп, үлкен жауапкершілікті арқаладық», – дейді еңбек адамы.

«21 жасымда бір әулеттің түтінін түтеттім. Ата-енем өте тәуір, жақсы жандар еді. Сол кісілердің қарайласып, қолдауының арқасында өндірістен қол үзбедім. Оның үстіне жұмыстағы кезек күттірмейтін қалың қарбалас «мен әйелмін» деген нәзік жаратылысыңа қарап жатқан жоқ. Цехтың табалдырығын аттағаннан-ақ тікеңнен тік тұрып қызмет ететін 12 сағаттық тіршілігіне еніп жүре бересің. Жалқаулықты жақтырмайтын кәсіптің қиындығы мен қызығын қатар көріп жүрміз», – дейді Қансұлу апа.
Бүгінде адал еңбекпен тапқан марапаттары шаңырағының төрінде өндіріс жәдіге-ріндей жарқырап тұр. Құдай қосқан қосағымен 1 ұл, 2 екі қыз тәрбиелеп, немере сүйіп отырған бақытты шаңырақтың отанасы келер күннің берер ырзығы толастамауын тілейді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
69
12 декабря 13:01
АО «Самрук-Қазына» снова в числе лидеров нефинансовой отчетности
77
11 декабря 22:17
Кто работает на ПНХЗ: прибористы