Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жайлы мектептер» Ұлттық жобасының операторы «Samruk-Kazyna Construction» жеткізушілерді таңдау кезінде отандық тауар өндірушілердің тізіліміне сүйенетін болады. Бұл тізілімді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірледі.
SK Construction басшысы «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовпен кездесті. Тараптар қазақстандық тауар өндірушілер және қызмет жеткізушілер тізілімнің құрылымы мен жұмыс принципін талқылады. Бұл тізімге 9 мыңға жуық жиһаз өндірушілер, 13 мың құрылыс материалдарын өндірушілер, сондай-ақ 1,5 мыңнан астам жабдық өндірушілер кірген.
Кәсіпкерлер палатасында жайлы мектептердің қасбетін қаптайтын материалдар бағасына талдау жасалған. Талшықты цемент панелі, травертин, әктас, кірпіш және жылу панелінің құны зерттеліпті. Талдау нәтижелері жобалаушыларға оңтайлы әрі арзан қаптау материалын таңдауға көмектеседі. Мысалы, Түркістан облысында жайлы мектептердің сыртын травертинмен қаптау жоспарланған. Өйткені, ол көне қаланың тарихи келбетімен үйлеседі. Айта кетейік, бұл өңірде 63 жайлы мектеп салынады.
Мектептер дайын күйде тапсырылады, яғни құрылысқа бөлек, ал жабдықтар мен жиһазға бөлек конкурс жарияланбайды. Сондықтан, мердігерлер тауарлар мен қызметтерді отандық өндірушілерден сатып алғанын растайтын есеп тапсыруға міндеттелмек. Оның үлгісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен келісіледі.

"Жоспар бойынша жиһаздың 95%, қажетті жабдықтардың 60%, құрылыс материалдарының 65% отандық өндірушілерден сатып алынады. Бұдан бөлек, жаңа мектептердегі технологиялық қондырғылардың 70% қазақстандық өндіріске тапсырылады деген жоспар бар", - деп сендірді SK Construction Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов.
Бұған дейін отандық өндірушілерге ұлттық жобаға қатысуға мүмкіндік берілмейді деген ақпаратты «Samruk-Kazyna Construction» компаниясында жоққа шығарған еді. Мұндай тұжырым шындыққа сәйкес келмейді. Жобаның тұжырымдамасына сәйкес мектеп құрылысы кезінде қазақстандық қамтудың үлесі 70-80% болуы тиіс,- дейді компания басшылығы. «Жайлы мектептер» бюджет қаражатына салынады, сондықтан жергілікті қамтуға баса назар аударылады. Отандық өнім болмаған жағдайда ғана шетелдік өнім сатып алынады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
117
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»