Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызбен жүк пен багажды тасымалдау ережелерін еске салады. Сапардың жайлы өтуін қамтамасыз ету мақсатында қол жүгінің салмағы мен өлшеміне қатысты қолданыстағы нормаларды сақтау талап етіледі.
Белгіленген шектерден асқан жағдайда артық жүк теміржол вокзалдарының багаж бөлімшелерінде ресми тәртіппен қабылданып, тасымалдауға рәсімделеді.
Уәкілетті органның бұйрығына сәйкес, жолаушылар пойыздарында қол жүгін тегін алып жүрудің нормалары бекітілген. Атап айтқанда, «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған құрамдарда салмағы 25 килограмнан аспайтын және үш өлшемнің қосындысы 150 сантиметрден аспайтын қол жүгін тегін алып жүруге болады. Қалған вагондар үшін бұл көрсеткіш – 35 килограммға дейін, ал өлшемі үш жақтың қосындысымен 200 сантиметрден аспауы тиіс.
Сонымен қатар, жолаушылар бөлшектеліп, қапталған және көлемі қол жүгін орналастыру орындарына сыйған жағдайда балалар арбасын, қылқайық және моторсыз велосипедті ақысыз алып өте алады. Мүгедектігі бар жолаушылар жеке пайдалануына арналған көмекші техникалық құралдар мен арнайы қозғалыс құралдарын қосымша ақысыз алып жүруге болады.
Қол жүгін жолаушылар отыратын орындарға, өткелдерге, дәліздерге және тамбурларға орналастыруға қатаң тыйым салынады. Белгіленген нормадан асқан жағдайда артық қол жүк немесе багаж теміржол вокзалдарының багаж бөлімшелерінде ресімделуге тиіс.
Бұл қызмет №33/34 «Ақтөбе – Алматы», №41/42 «Алматы – Атырау», №77/78 «Алматы – Маңғышлақ», №691/692 «Ақтөбе – Атырау», №9/10 «Алматы – Астана» бағыттарында көрсетіледі. Құны станциялар арасындағы арақашықтыққа қарай есептеледі және қолданыстағы тарифтер мен ережелерге сәйкес айқындалады.
Мысалы, танымал бағыттарда жеке және заңды тұлғалар үшін багаж бен жүк-багажды тасымалдау құны (1 кг үшін) төмендегідей белгіленген:
• Алматы – Маңғыстау: багаж – 57 теңге, жүк-багаж – 114 теңге;
• Алматы – Астана: багаж – 39 теңге, жүк-багаж – 94 теңге;
• Шымкент – Алматы: багаж – 27 теңге, жүк-багаж – 57 теңге.
Айта кетейік, жолсеріктер арқылы жүк жіберу заң талаптарына сәйкес келмейді және әкімшілік жауапкершілікке, сондай-ақ қызметкердің жұмыстан босатылуына әкеп соғады. Багаж және жүк-багажды тасымалдау қағидалары жөніндегі толық ақпаратты 1433 (тегін) нөміріне қоңырау шалу арқылы немесе bilet.railways.kz сайтындағы «Жолаушыларға» бөлімінен алуға болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
107
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы