Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2020 жылдың 1 маусымынан бастап жолаушылар теміржол қатынасы Қазақстан бойынша көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып, кезең-кезеңмен жұмысын бастайды. "Жолаушылар тасымалы" АҚ коронавирус инфекциясының таралуы кезеңінде жолаушылардың қауіпсіз сапары мәселесіне ерекше көңіл бөліп, теміржол жолаушылар қатынасын іске қосу мақсатында алдын ала дайындық жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Дайындық барысында барлық жолаушылар вагондары санитариялық ережелер ("Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 31.05.2017 ж. № 359) талаптарына сәйкес санитарлық өңдеуден өтеді.
Рейске жіберер алдында әр вагон бактериялар мен вирустарға қарсы жүргізілетін дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Едендердің, төбелердің, үстелдердің, дивандар мен терезелердің беті мұқият жуылады. Дезинфекция санитарлық ереженің талаптарына сәйкес препараттарды себу және сүрту әдістерімен жүргізіледі. Сондай-ақ айналым пункттерінде дәретханалар мен қоқыс жәшіктері дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Барлық қолданылатын препараттар сертификатталған және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануды ұсынған.

Коронавирус пандемиясына және жолаушылар пойыздарының алдағы уақытта іске қосылуына байланысты, жол бойында жолаушылар ауырған жағдайда төсек-орын жабдықтарын жинау процесі қарастырылған. Бұл жағдайда барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, төсек жабдықтарын бөлек жинау және жуу процесі қарастырылған. Бұдан басқа, тұрақты негізде төсек-орын жабдықтарын тасымалдауға арналған автокөлік құралдары дезинфекциядан өтеді.
Барлық төсек жабдықтары сұрыптаудан өтеді және рұқсат етілген жуу немесе дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып кір жуғыш машинаға тиеледі. Киім-кешекті жуғаннан кейін төсек жабдықтары үтіктеліп, жинақталып, буып-түйілгеннен кейін жолаушылар вагондарына жеткізіледі.
Осы орайда айтарымыз, "Жолаушылар тасымалы" АҚ барлық қызметкерлері жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қамтамасыз етілген. Тұрақты негізде өндірістік қызметкерлер арасында қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқамалар жүргізіледі. Поезд бригадаларының қызметкерлері күн сайын ауысым алдындағы медициналық тексеруден өтеді. Ауру белгілері байқалған жағдайда немесе температурасы жоғары көрсеткішкті көрсеткен қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді. Тек жеке қорғаныш құралдары болған жағдайда және ара қашықтықты сақтап отырған (кемінде 1 метр) қызметкерлер жұмысқа кірісе алады.

Ұлттық тасымалдаушы 2020 жылдың 15 мамырынан бастап темір жол билеттерін сатылымға шығарғанын еске салады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ өз жолаушылардан билетті қашықтан (онлайн) BILET.RAILWAYS.KZ сайты, "ҚТЖ билеттері" мобильдік қосымшасы немесе интернет-сайттар арқылы он-лайн түрде рәсімдеулерін сұрайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
54
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
61
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы