Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Таяуда «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығына тағайындалған неміс маманы Михаэль Кортюм ағымдағы жылдың қорытындысын шығарып, Компанияның алдағы даму жоспарымен бөлісті. Негізгі мақсаттың бірі - жолаушылар вагон санын арттырып, сапасын жақсарту.
Әзірге сын көп. Мысалы БАҚ бетінде жаппай жазылғандай, ұзақ жылдан бері "Жолаушылар тасымалы" компаниясына қарасты жолаушылар пойыздарын төсек-орынмен жабдықтап келген кәсіпкер қаншама адамды жұмыс орнымен қамтудағы тиісті ісінен шеттетіліп, ол өз кезегінде Ұлттық тасымалдаушының сот шешімін орындамай отырғанын айтып дабыл қағуда.
Компания өкілдері болса, бүгінде пойыздарды жаңаша жабдықтау енгізіліп жатқанын айтуда. Вагондарды жөндеу кестесі жасалып, жыл сайын жолаушылар паркі 100 вагонға жаңартылмақ. Ал бұл тұста мемлекет тарапынан субсидияланудағы теміржолдағы жолаушы көлігіне инвестиция керек. Аталған бағытта, баспасөз мәслихатын өткізушілердің сөзінше шығындарды азайтуға күш салынып, ұйымдастыру құрылымы ықшамдалуда және ішкі корпоративтік мәдениетке баса назар аударылуда. Әсіресе қазіргі заманғы цифрлы технологияларды іске қосу барлық үдерістердің тиімділігін көтермек. Нәтижесінде 20 миллионнан астам жолаушылар қауымына ұнамды қызмет көрсетіледі деп күтілуде.
2019 жылдың 11 айындағы дерекке тоқталсақ, 15 миллионнан астам жолаушы тасымалданып, билеттің электронды саудасы 80 пайызға дейін өскен.
"Бұрынғы "Тұлпар-Тальго" зауытында енді қандай вагондар шығарылатынын келесі жылы өтетін тендерде қараймыз. Ұзақ мерзімге әлі жаңа жылжымалы құрам өндірушіні анықтаған жоқпыз. Басты талап - жергілікті қазақстандық үлесті барынша қамту болады", - деп сендірді Михаэль Кортюм.
Дегенмен, ескерте кетерлігі, бүгінде "Тұлпар-Тальго" зауытында Ресейдің Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша 63 вагон жинастырылып үлгерген және дәл осы ресейлік өндіріс орнынан тағы 146 вагон жеткізілмек. Өзге озық үлгілі зауыттармен ынтымақтастықтың жайы белгісіз.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы