Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Биыл 3 ақпаннан бастап «пойыз+ұшақ» интермодальды тасымалдау пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «SCAT» әуекомпаниясы және «UvU» компаниясымен өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асты.
Жолаушыларға ұсынылатын бұл қызмет автобус, әуе және темір жол билеттерін бір бағыт бойынша сатып алуға мүмкіндік береді. Осылайша азаматтар өздеріне ыңғайлы бағытты таңдап, билет іздеуге жұмсайтын уақыттарын үнемдейді. Сондай-ақ, қызмет арқылы еліміздің барлық қалалары бойынша саяхаттау мүмкіндіктері кеңейеді. Пилоттық жоба (пойыз+ұшақ) «Қостанай-Астана-Шымкент» бағытында және кері бағытта сынақ түрінде өткізіледі.
«Қостанай-Астана-Шымкент» (пойыз+ұшақ) бағыты бойынша тақ күндерде жол жүру кестесі:
«Шымкент-Астана-Қостанай»(ұшақ+пойыз) бағыты бойынша тақ күндерде жол жүру кестесі:
Пилоттық жоба 28 ақпанда аяқталады.
Жолаушылар әуе билеттерін scat.kz сайтынан, ал темір жол билеттерін bilet.railways.kz сайтынан қарай алады. Одан бөлек, қажетті мекенжайды таңдап, uvu.kz/ktz сайтты арқылы трансферге тапсырыс беруге болады.
Естеріңізге сала кетейік, интермодальды тасымалдау жобасы аясында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Перроннан үйге дейін» және «Арнайы автобус» қызметтерін іске қосқан болатын. Жолаушылар арасында бұл қызметтердің сұранысы артып келеді.