Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар теміржол тасымалдары саласындағы бизнес-процестерге заманауи цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізуді жалғастыруда. Бұл бағытта студенттер сала қажеттілігіне бейімделген өз жобаларын ұсынып, нақты өндірістік міндеттерді шешуге атсалысуда.
Аталған бастама Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылуда. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пен Astana IT University арасында дуальды оқыту туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық форматы академиялық даярлықты компанияның қолданыстағы бизнес-процестерімен ықпалдастыруды көздейді.
Жобаға қатысуға ниет білдірген 135 үміткердің ішінен 14 студент іріктеліп алынып, төрт командаға бөлінді. Екі ай бойы олар компанияның нақты өндірістік және басқарушылық міндеттерін шешумен айналысты.
1. Басқарушылық есептілікті автоматтандыру Командалардың бірі апталық жедел есепті автоматты түрде қалыптастыратын және деректерді дашбордтар арқылы визуализациялайтын сервисті әзірледі. Жүйе әртүрлі Excel-кестелеріндегі деректерді біріктіріп, негізгі тиімділік көрсеткіштерін (KPI) автоматты есептеуге және талдамалық есептерді презентациялық форматта дайындауға мүмкіндік береді. Аталған шешім деректерді қолмен өңдеу үлесін азайтып, адами факторға байланысты қателіктер ықтималдығын төмендетуге және басқарушылық шешімдерді қабылдау тиімділігін арттырады.
2. Жолаушыларға арналған интеллектуалды чат-бот Екінші жоба — жолаушылардың өтініштері мен кері байланысын өңдеуге арналған интеллектуалды чат-бот. Платформа шағымдар мен ақпараттық хабарламаларды, сондай-ақ жоғалған заттарға қатысты өтініштерді қабылдайды. Жасанды интеллект алгоритмдері арқылы пайдаланушылармен автоматтандырылған диалог жүргізіп, келіп түскен өтініштер негізінде талдамалық деректерді жүйелі түрде қалыптастырады. Бұл жүйе кері байланысқа жедел әрекет етуге және клиенттік сервистің сапасын жүйелі түрде арттыруға мүмкіндік береді.
3. Билеттерді сату кезіндегі аномалиялық операцияларды анықтау Үшінші команда теміржол билеттерін сату операцияларын кешенді талдауға арналған мониторингтік жүйені әзірледі. Бұл шешім күмәнді немесе жаппай сатып алу әрекеттерін автоматты түрде анықтауға бағытталған. Нәтижесінде алыпсатарлық белгілерді бастапқы кезеңде айқындауға мүмкіндік береді. Тәуекелдер анықталған жағдайда жүйе компанияның ішкі регламенттеріне сәйкес қосымша тексеру жүргізу және қажет болған кезде есептік жазбаларды уақытша шектеу жөнінде тиісті хабарламалар қалыптастырады.
4. Багаж және жүк-багажды цифрлық есепке алу жүйесі Төртінші бағыт — багаж және жүк-багаж тасымалын цифрлық форматта рәсімдеу мен оны толық сүйемелдеуге арналған платформаны әзірлеу. Жүйе багаж және жүк-багажды ресімдеу үдерісін толық цифрлық форматта жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қызмет көрсету станция қызметкері арқылы да, WMS (Warehouse Management System) платформасы негізіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету арналары арқылы да іске асырылады.
Шешім жөнелтілімді қабылдау сәтінен бастап оны табыстауға дейінгі барлық кезеңдерді бірыңғай цифрлық тізбекке біріктіреді. Жоба аясында студенттер компания мамандарының жетекшілігімен нақты функционалдық модульдер мен ішкі цифрлық құралдарды әзірлеуде. Мұндай тәсіл бизнеске қолданбалы міндеттерді тиімді шешуге және саланың болашақ кадрлық резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ әзірленген шешімдерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес ішкі келісімдер мен бекіту рәсімдерінен өткеннен кейін операциялық қызметке кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
42
16 февраля 15:12
Air Astana выполнила юбилейный 50-й C-check на базе собственного технического центра