Главная Новости «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа қызметті іске қосады
19 қыркүйек 2023, 08:19 781

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа қызметті іске қосады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа қызметті іске қосады

Бүгіннен бастап пилоттық режимде Ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы «электрпойыз+электравто» түйіспесі бойынша Бурабайдың көркем жерлерімен экологиялық трансфер қызметін іске қосады. Қызметті №7507/7508 «Астана – Көкшетау» және №6830/6829 «Ерейментау – Көкшетау» электр пойыздарының жолаушылары пайдалана алады. Бурабай курорты станциясының вокзал маңындағы алаңында электр көлігі күтіп тұрады.

Электроавтобус келесі бағыт бойынша жүреді: Бурабай курорты теміржол вокзалы – Бурабай кенті - Абылай хан кешені – Щучинск кенті – Rixos Borovoe. Электр таксиі жолаушыларды өздері көрсеткен мекен-жайға дейін жеткізеді.

Қызмет құны тұрақты: электр автобусындағы орын үшін 500 теңге және электротаксидегі салон үшін 2000 теңге.

Қызметті пайдалану үшін жолаушыға электр пойызының вагондарындағы QR кодын сканерлеу, диспетчерге мекен-жайын хабарлау және қызметке ақы төлеу жеткілікті.

Қызмет интермодальды тасымалдауды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде ұсынылады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: