Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі Петропавл зауытында шығарылған 20 жаңа жолаушылар вагонымен толықты. Заманауи вагондар бүгіннен бастап №301/302 «Алматы – Новосибирск» бағыты бойынша қатынай бастады. Бұл жаңашылдық жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, тасымал сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа вагондар тіркелген алғашқы пойыз бүгін Алматы вокзалынан сапарға аттанды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жолаушылар вагоны паркін жаңарту және жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл – біздің компанияның стратегиялық басымдығы. Бүгін «Алматы – Новосибирск» бағытына жаңартылған құрам шықты. Бұл өзгерістер халықаралық көлік қатынасын дамытудағы маңызды кезең болмақ»,— деп атап өтті жаңа вагондардың таныстырылымында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Дияр Нүсіпқожанов.
Пойыздың әр құрамы 10 вагоннан тұрады: 5 купе және 5 плацкарт. Олар бір бағытта 400-ден астам жолаушы тасымалдауға есептелген. Пойыз жұп күндері қатынайды: Алматы станциясынан сағат 14:50-де шығып, Новосибирск станциясына 08:58-де (РФ уақытымен) жетеді. Кері бағытта Новосибирскіден 14:55-те шығып, Алматыға 07:45-те (ҚР уақытымен) келеді.
Вагондар дизайн, қауіпсіздік, сенімділік және жайлылық жөніндегі заманауи талаптарға сай жасалған. Купелерде эргономикалық жатын орындар, жеке жарық шамдары, USB-порттар және электр розеткалары орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арнайы купелер мен арбаға арналған орындар, сондай-ақ жолсерікті шақыру түймесі қарастырылған. Жаңа вагондар қызмет ету мерзісі 40 жыл.
Соңғы екі жылда «Жолаушылар тасымалы» АҚ RWS Wagon (ЗИКСТО) зауытынан 237 вагон сатып алды, оның ішінде №301/302 «Алматы – Новосибирск» бағытына қосылған 20 вагон да бар. Жаңа вагондар сондай-ақ «Ақтөбе – Атырау», «Павлодар – Түркістан», «Павлодар – Алматы», «Қызылорда – Семей», «Алматы – Саратов», «Алматы – Өскемен», «Астана – Көкшетау», «Астана – Бурабай курорты», «Қарағанды – Астана» бағыттарында да қызмет көрсетуде.
2025–2026 жылдары Ұлттық тасымалдаушы RWS Wagon (ЗИКСТО) зауытында шығарылатын жаңа «45» үлгісіндегі тағы 100 вагонды кезең-кезеңімен қабылдап алмақ.
2030 жылға қарай Ұлттық тасымалдаушының вагон паркі 100%-ға жаңартылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете