Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Александр Жабчук
Елордаға қазақстандық "ЗИКСТО" зауытының заманауи плацкарт және купе жолаушылар вагондарының бірінші партиясы жеткізілді. Олар Қарағанды - Жезқазған, Атырау - Маңғыстау, Атырау — Ақтөбе бағыттары бойынша жүретін пойыздар құрамында болады.
Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету үшін вагондар ауаны баптау қондырғысымен, ауаны тазарту сүзгілерімен, түтін датчиктерімен, биодәретханалармен, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Купеде электр розеткалары мен USB қосқыштары бар. Тиісті пайдалануда вагондардың қызмет ету мерзімі 40 жылға дейін.
Қазан айының соңына дейін Ұлттық тасымалдаушыға "ЗИКСТО" АҚ – ның тағы 50 вагоны, ал келесі жылдың басында тағы 100 бірлік беріледі. Сондай-ақ, 2030 жылға дейін Stadler компаниясының 537 жоғары технологиялық вагондарын сатып алу көзделген.

"Вагон паркін жаңарту бойынша барлық жоспарланған іс-шараларды ескере отырып, 2030 жылы вагондардың орташа шыққан жылы 18-ден 13-ке дейін төмендейді. Бұл ретте вагондардың ауаны баптау жүйесімен қамтамасыз етілуі 100% құрайтын болады", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ Бас директоры Жәнібек Тайжанов.
Соңғы 10 жылда "Жолаушылар тасымалы" АҚ паркі 50% - ке жаңартылды. Қауіпсіздік, жайлылық және экологиялылық бойынша заманауи халықаралық талаптарға жауап беретін 1200-ден астам вагон сатып алынды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
170
30 марта 16:51
Павлодарская железнодорожница открыла современную арт-выставку «Құрақ үні»