Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар вагондары паркінде шамамен 2106 бірлік бар, оның ішінде 32% -і 20 жылдан асқандар.
Жолаушылар вагондарының паркін жаңарту және жолаушылардың жайлы жол жүруі мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жыл сайын жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу бойынша жұмыстар жүргізуде. 2010-2022 жылдар аралығында 1224 вагон, оның ішінде 676 Тальго вагоны сатып алынды. Бұл вагон паркінің орташа тозуын 73%-тен 46%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Паркті жаңарту жұмыстары жалғасуда. 2030 жылға дейін Stadler технологиясы бойынша 537 жоғары технологиялық жолаушылар вагоны жеткізілетін болады. Ағымдағы жылы парк 50 заманауи вагонмен толықтырылады, келесі жылға тағы 100 вагон келіп түседі.
Жалпы парктен Ұлттық тасымалдаушы вагондарының 76%-і ауа баптау жүйесімен жабдықталған. Вагондар паркінің 24%, яғни 515 вагонда ауа баптағыш дайындаушы зауыттың конструкциясы бойынша көзделмеген. Мұндай вагондарда авариялық жағдайларда ашылатын және Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелерінің және Техникалық пайдалану ережелерінің барлық талаптарына сәйкес келетін авариялық купелерден басқа барлық купелерде терезе ашу мүмкіндігі бар. Ауа баптау жүйесі жоқ вагондар алдағы жылдары олардың қызмет ету мерзіміне сәйкес алып тастауға жатады.
Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жол жүру тарифі инфляция деңгейінен төмен - 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ке ұлғайды.
Теміржол билеттеріне жоғары сұраныс жазғы және қысқы кезеңдерде (демалыс маусымы, демалыс) және мереке күндері болады.
Тұрғындардың bilet.railways.kz сайтында «Жолаушылар тасымалы» АҚ бос орындарын қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында клиентке брондалған орындар фактісі туралы СМС жіберуді растай отырып, кезектілік тәртібімен билеттерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Күту парағы» қызметін енгізді. «Күту парағы» қызметі арқылы 2023 жылы 198 мың өтінім келіп түсті, оның ішінде 69 мың жолаушы билеттер сатып алды (35%).
Қазақстанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ - дан басқа тағы 13 жеке тасымалдаушы теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
42
09 декабря 13:41
Люди большой станции: истории тех, кто обеспечивает путь казахстанской нефти
59
09 декабря 12:49
ҚТЖ қызметкерлері Халықаралық еріктілер күнінде жоғары марапатқа ие болды