Главная Новости «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздардың кешігу мүмкіндігі туралы ескертті
18 шілде 2023, 09:25 942

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздардың кешігу мүмкіндігі туралы ескертті

«Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздардың кешігу мүмкіндігі туралы ескертті

Түрксіб - Шу учаскесіндегі Аспара станциясы бойынша жүк вагондарының рельстен шығуы және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне әсер етті.

Ташкент – Алматы, Сарыағаш – Алматы, Ақтөбе – Алматы, Атырау – Алматы, Қызылорда – Семей, Түркістан – Павлодар, Алматы – Маңғыстау, Астана – Шымкент, Алматы – Орал, Алматы – Саратов, Алматы – Ақтөбе, Алматы – Маңғыстау бағыттары бойынша пойыздардың шамамен 3-4 сағатқа кешігуі орын мүмкін.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын күту кезеңінде пойыз жолаушылары тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта Түрксіб – Шу учаскесінің Аспара станциясында пойыздардың қозғалысы қайта жанданды.

Компания жолаушылар пойыздарының белгіленген қозғалыс кестесін қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі және «Ktzh_pp_bot» Телеграмм боты арқылы алуға болады .

Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: