Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Rail-news.kz.
«Соңғы күндері Ресей азаматтарының көршілес мемлекеттерге жаппай көшуі қоғам арасында үлкен резонанс тудыруда. Әлеуметтік желілерде шекаралық өткізу бекеттеріндегі қалың нөпір мен ұзын-сонар кезек жайындағы түрлі ақпараттар таралуда. Аталған жазбалардағы пікірлерге қарағанда бұл мәселе отандастарымыздың ерекше назарын аударып отыр. Өз тәжірибемнен білетіндей, ерте ме, кеш пе – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осы мәселе турасында көптеген журналистік сауалдар түсуі мүмкін. Себебі, біздің ведомство автомобиль, темір жол және әуе көлігі арқылы жолаушылар тасымалына жауапты», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде еліміздің барлық көлік инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Пойыздар мен ұшақтар және автобустар қалыпты деңгейде жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуде.
«Республикалық маңызы бар көлік жолдарындағы қазіргі жағдай мен ондағы қозғалыс қарқындылығы да алдыңғы апталардағыдай қалыпты деңгейде. Сондай-ақ Ж. Омархан тасымалдау сыйымдылығын арттыру және рейстердің кешігу санын азайту мақсатындағы тапсырманы орындау шеңберінде отандық әуе паркі тағы бір «Boeing-737» ұшағымен толыққаны туралы да хабарлады. Бұл SCAT авиакомпаниясының соңғы бір жарым айда алған төртінші «Boeing» әуе кемесі. Сыйымдылығы 189 орындықты құрайтын әуе кемесі авиакомпания паркіндегі ұшақтар санын 30-ға дейін арттырды. Биылғы жылдың соңына дейін Қазақстанның азаматтық авиация флоты тағы да 10 әуе бортымен толығады деп жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
65
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы