Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті теміржол бағытында қызмет көрсететін компанияларға талапты күшейтеді.
Жолаушыларға қызмет көрсету сапасы, пойыздардың жай-күйі мен тазалығы және талапқа сай стандарттық нормаларға байланысты субсидия беру мәселесін қарастыру жоспарға енгізілді.
«Аталған комитет өкілдері жолаушылар пойызына кезекті тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл жолғы нысан «Түрксіб-Астана» ЖШС қызмет көрсететін Қостанай – Алматы бағытындағы №43/44 әлеуметтік маңызы бар жолаушылар поезды. Тексеру барысында 14 түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Жолаушылар вагондарының ішкі және сыртқы келбетінің нормаларына сәйкес келмеуі, кондиционерлері қарастырылған бірақ сол желдеткіші істен шыққан вагондардың қатынауы және санитарлық талаптарға сай келмеуі негізгі заң бұзушылықтар ретінде тіркелді», - делінген министрлік таратқан мәліметте.
Тексеріс жұмыстарының нәтижелері бойынша тиісті акт жасалды. Өз кезегінде тасымалдаушы компанияға 10 күнтізбелік күн ішінде тексеру нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарды жою және олардың одан әрі орын алуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
Елімізде әлеуметтік маңызы бар тұрақты 110 пойыз қатынайды. Жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптарын қатаң сақтау комитет назарында. Жаз соңына дейін жауапты комитет қызметкерлері кесте бойынша қалған жолаушылар пойыздарына да тексеру жұмыстарын жүргізеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
123
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»