Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Кейінгі 6 айда «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ қызметтерін 6,5 млн адам пайдаланған. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы 11,6 млн адам тасымалданса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 14 млн адамға жеткен.
Қазақстанда жолаушылар тарапынан теміржол көлігіне деген сұраныс тұрақты сақталып отыр. Бұл ретте жолаушылар ескірген вагондерге жиі шағымданатынын ескеру қажет.
Қазір елімізде 2 553 вагон бар. Олардың 50%-дан астамы 10 жылдан аса жұмыс істеп келеді. 486 вагон шамамен 11-20 жылдай жолаушылардың игілігіне пайдаланылып жүр. Десе де 957 вагон немесе 37%-ы расымен ескірген, өйткені олар 28 жылдан артық қолданыста.
Бұл орайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жұмысты мақсатты түрде және кезең-кезеңмен іске асырып жатқанын айта кеткен дұрыс. Айталық, кейінгі 10 жылда вагондар паркі 50%-ға жаңартылды. 2010 жылдан бастап 1 100-ден астам жолаушылар вагоны, оның ішінде 600-ден астам «Тальго» вагоны сатып алынды.
Былтыр отандық вагон жасау зауытының базасында швейцариялық технология бойынша шығарылатын жеңіл вагондарды жеткізіп, оларға техникалық қызмет көрсетуге байланысты келісімшартқа қол қойылды. Stadler компаниясы еліміздің басты теміржол операторы үшін 537 жеңіл вагонды құрастыру жұмысын ұйымдастыру мақсатында (2025-2030 жылдар аралығында) зауыттың өндірістік алаңы мен жабдықтарын жаңғыртуды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге биыл «ЗИКСТО» АҚ-нан 50 жаңа жолаушылар вагоны келеді деп жоспарланған.
Дереккөз: ҚР Индустрия және инфрақұрылымды даму министрлігі
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!