Главная Новости Жүк тасымалдаудың балама тәсілдері талқыланды

Жүк тасымалдаудың балама тәсілдері талқыланды

Жүк тасымалдаудың балама тәсілдері талқыланды

Ірі жүкжөнелтушілер мен салалық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өткен Zoom-конференцияда теміржолшылар экспортқа, соның ішінде ҚХР бағытталатын жүктерді контейнерлермен тасымалдаудың баламалы түріне ауысуы барысын талқылады.

Қазіргі кезде Қытай тарапынан ковидке қарсы қосымша шараларға, шекаралық станцияларда қазақстандық жүктер артылған вагондар мен жартылай вагондарға ұзақ тексерістер жүргізу мен оларды санитарлық өңдеуге байланысты жеткізу мерзімдері артып отыр. Бұл ретте, контейнерлермен жүктерді қабылдау мен қайта тиеуде аз уақыт шығындалады. Ақмола, Қостанай және Павлодар облысының бірқатар жүкжөнелтушілері өз жүктерін контейнерлермен тасымалдай алды. Бүгінгі таңда, Достық станциясы бойынша тәулігіне 12-13 құрам тапсырылса, соның 7-8 контейнерлік пойыз.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қанат Көбесовтың сөзіне қарағанда, жүктерді контейнерлеу жүк ағының арттырып, тиеу мен түсіруді жылдамдата отырып, жүктерді қабылдау уақытын кемітеді.

«Барлық әлемде, соның ішінде ҚХР жүктерді контейнерлеудің тұрақты тенденциясы байқалуда. Қытай 2025 жылға қарай контейнерлік тасымалдауды 1 миллион ЖФБ (контейнерлерді өлшеудің шартты данасы) дейін арттыруды, жыл сайынғы 200 мың ЖФБ дейінгі өсіммен жоспарлап отыр, сондықтан да бізге дайын болуымыз керек. Тек қана инфрақұрылымдық қуаттың ғана емес, сонымен қатар шекаралық станцияларда да техникалық өзгерістер талап етіледі», – деді Қанат Көбесов.

«Конкурент Б и Audasia Express» ЖШС директоры Бақытбек Қадыров компанияның жүктерді контейнерлермен тасымалдауға мүдделі екендігін атап кетті.

«Көкшетау қаласында біз жүктерді түсіру мен сақтау үшін терминал салдық, яғни ай сайын 5 контейнерлік пойызға дейінгі тапсырыс көлемін қамтамасыз етуге және жүктерді контейнерлерге тиеу, түсіру және сақтау үшін техникалық жағынан дайынбыз», – деді ол.

Бір өңірде құрылған және бір жеткізу станциясына бағытталған контейнерлік пойыздармаршруттау принципі бойынша жөнелтіледі. Сондай пойыздар жүрер жолында тексерусіз жоғары жылдамдықпен қозғалады. Жүкжөнелтушілер үшін жеткізу мерзімдері қысқартылып, пайдалану шығындары кемітіледі.

Қазақстан астық өндеушілер одағының презиенті Евгений Ган тасымалдарды контейнерлендіру туралы әңгіменің қозғалғанына біраз болғандығын назарға салды.

«Егер клиент төлем жасап және жүктерді осындай күйде тасымалдауға мүдделі болса, онда біз дайынбыз. Контейнерлерді тиеу үшін жағдай жасау бойынша техникалық мәселелерді бек бірлескен күш-жігермен шешу керек», – деді Евгений Ган.

«Пионер» компаниялар тобының басшысы Мұқан Әбдиев контейнерлеуге өту «есіктен есікке» форматы бойынша клиенттерге қызмет көрсетуге мүмкіндік беретіндігіне сенімді.

«Транко» АҚ бас директорының орынбасары («Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС өкілі) Сергей Анашкин контейнерлендіру үшін маңызды критериі жүкжөнелтушілерде қажетті жүктік инфрақұрылымдық терминалдың жеткілікті болуы деп санайды. Оның пайымынша, контейнерлендіру бойынша қытайлық тараппен бірыңғай стратегияны әзірлеу қажет.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар жүктерді ҚХР жеткізу мерзімін қысқартумен байланысты ұсыныстарды және маңызды мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, Достық станциясында бір «жіп» бойынша астық артылған жүк пойыздары қозғалысын, яғни оларды өткізу үшін кедергісіз дәлізді қамтамасыз ету ұсынылды.

Аяқтай келе Қанат Көбесов теміржолшылар тасымалдау процесінің тиімділігін жақсартуға бағытталған шараларды қабылдауға және жүкжөнелтушілердің барлық мәселелерін қарастыруға дайын екендігін атап көрсетті.

Выпуски SK NEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Нур-Султан, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: