Главная Новости Жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығы: Қазақстандағы медицина ғылымының жаңа кезеңі
03 сәуір 2024, 11:41 458

Жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығы: Қазақстандағы медицина ғылымының жаңа кезеңі

Жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығы: Қазақстандағы медицина ғылымының жаңа кезеңі

Алматыда инфекциялық аурулардың Ұлттық ғылыми орталығының құрылысы белсенді жүргізілуде. Бұл елдегі фтизиопульмонологиялық және инфекциялық бейіндерді біріктіретін алғашқы мекеме болады. 350 төсекке арналған орталық 12 гектар аумақта орналасқан. Нысан ағымдағы жылдың қыркүйегінде халық игілігіне тапсырылады.

Жобаны  "Объектілерді салу жөніндегі Компания" корпоративтік қоры жүзеге асыруда. 31 наурыз күні корпоративтік қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мәулен Айманбетов құрылыс барысымен танысып, ағымдағы нәтижелерге оң бағасын берді.

Орталық науқастарды оқшаулаудың инновациялық әдістерін қолданады, соның ішінде қысым градиентін қадағалайтын арнайы жартылай қорап-палаталармен қамтамасыз етілмек. Аталған тәсілдің тиімділігі жетекші шетелдік инфекциялық стационарларда дәлелденген.

Орталықтың маңызды бөлігі ғылыми, эксперименттік және қолданбалы жұмыстар жүргізілетін ғылыми-зерттеу кешені болмақ. GLP (ағылш. Good laboratory Practice - тиісті зертханалық практика) стандарттарына сәйкес келетін заманауи зертхана алғашқы екі фазадағы жаңа дәрілік және биологиялық препараттарға клиникалық сынақтар жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Бұл бірегей жоба жұқпалы ауруларды емдеуге және зерттеуге жаңа мүмкіндіктер бере отырып, Қазақстанның медицина ғылымы мен денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: