Главная Новости Жыл басынан бері 95 мың шақырымнан астам теміржол төсемі зерттелді
18 сәуір 2023, 09:37 1058

Жыл басынан бері 95 мың шақырымнан астам теміржол төсемі зерттелді

Жыл басынан бері 95 мың шақырымнан астам теміржол төсемі зерттелді

ҚТЖ желісінде қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыру үшін теміржол инфрақұрылымының жай-күйіне үздіксіз мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Темір жолдарды тексеру үшін 7 мобильді диагностикалық кешен (МДК) пайдаланылуда. Ескірген ақаулы арбалар мен жол өлшегіш вагондарды алмастырған кешендер рельстердің бүйірлік тозуы, түйіспелі саңылаулар және т.б. сияқты параметрлерді автоматтандырылған танумен жолдың жоғарғы құрылымын бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Олардың көмегімен шегіністер, рельстердегі ақаулы жерлер уақытылы анықталып, жер төсемінің жағдайы бағаланады. Анықталған ақаулар бойынша пойыздардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін қозғалыс жылдамдығын шектеу жөнінде қажетті шаралар жедел қолданылып, жол жөндеу және қызмет көрсету жөнінде шешімдер қабылданады.

МДК штаты еліміздің әр өңірінен оңтайландырылған дефектоскопиялық арба операторларының қатарынан жасақталған. Сапарда жол дистанциясының қызметкерлері олармен бірге еріп жүреді. Жұмысшылардың тұруы үшін кешендер қажетті санитарлық және тұрмыстық жабдықтармен (ас үй техникасы, кір жуғыш машина, душ және т.б.) жабдықталған.

2023 жылдың үш айында мобильді диагностикалық кешендермен 95 357 шақырым тексерілді. Орташа алғанда, бір кешен бір айда алты мың шақырымға дейін, бір жылда 70 мыңға дейін жолды тексереді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: