Главная Новости Жылжымалы электр техникалық зертханасы
19 сәуір 2021, 09:21 1912

Жылжымалы электр техникалық зертханасы

Жылжымалы электр техникалық зертханасы

«Богатырь Көмір» ЖШС мамандандырылған техника паркін «Газ-33088» өтімділігі жоғары автомашина базасындағы жоғары вольтты сынақтардың (ЖВС) жаңа жылжымалы электр техникалық зертханасы толықтырды.

Ол кернеуі 10 кВ дейін резеңке және қағаз-май оқшаулағышы бар кабель желілерінің зақымдану орындарын сынау және анықтау үшін, сондай-ақ кернеуі 35 кВ дейінгі электр қосалқы станциялары мен тарату желілерінің жабдықтарын сынау және өлшеу үшін арналған. Зертхана 2500 В сандық мегаомметрмен, мультиметрмен, сандық микрометрмен, жерге қосу құрылғыларының параметрлерін өлшеуішпен жабдықталған.

Жылжымалы зертхана фургонының шанағы сэндвич-панельдермен жылытылған және металл қаптамамен қапталған. Қауіпсіздік мақсатында еден жоғары сапалы резеңке жабынға ие. Салонда техникалық персоналды тасымалдау үшін қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған екі жолаушы орындығы қарастырылған.

Аталмыш арнайы техника энергиямен жабдықтау дирекциясының мамандарына күштік кабельдердің зақымдану орындарын уақтылы және дәл анықтауға және ақауларды жою бойынша шаралар қабылдауға, алдын алу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: