Главная Новости "Жылқы десе жүрегім бөлек соғады"...
20 наурыз 2019, 14:04 4743

"Жылқы десе жүрегім бөлек соғады"...

"Жылқы десе жүрегім бөлек соғады"...

Жылқы десе ішер асын жерге қоятын мұнай құбыршылардың бірі – Елубай Тұтқабеков. Ол қазір Қарағанды мұнай құбыры басқармасының «Атасу» бас мұнай айдау станциясында қабылдау-тапсыру пунктінің химиялық талдау зертханашысы болып еңбек етеді.

Жаңаарқа ауданы Талдыбұлақ ауылында туып-өскен Елубай бала жасынан жабағы жүгендеп, кейін шалмалап асау ұстап, жүйріктің сырын жүрісінен таныған жігіттердің бірі. Бала күнінен тақымы атқа тиіп, талай бәйгеде білегіне қамшыны бүлдіргесінен ілген шабандоз.

"Атқа бірінші сыныптан бастап шауып, шабандоз атандым. Жылқы десе жүрегім бөлек соғады. Ел ішінде ұйымдастырылатын түрлі жарыстарда ағаларымның аттарына, ауылымыздағы Матай Имашев деген ақсақалдың атына шаптым. Талай мәрте қанжығам майланды. Кейін салмағым ауырлағаннан кейін ат баптауға кірісе бастадым. Сонымен қатар көкпарға, аударыспаққа қатысып, облыс деңгейінде алғашқы үштіктің қатарында болдым", - дейді Елубай Фазылұлы.

"Ат шаба ма, бап шаба ма" деген сөз бар халқымызда. Алайда бағы шабар деп бабына бей-жай қарауға болмайды. Осыны ескерген Елубай қолындағы жүйріктерінің қашанда бабында болуын бақылауда ұстайды. Қазіргі таңда қолындағы алты сәйгүлігінің бәйгелі болуы үшін барын салуда.

"Бүгінде баптауымызда алты ат бар. Тектері де әртүрлі. Ағылшын, араб, Буденный тұқымдары мен құлтумалар. Әрбірінің бабы әртүрлі. Себебі жылқы да адам секілді ғой. Біріне жаққан бап, екіншісіне жақпауы әбден мүмкін. Оларды қыста қарға саламыз, жазда тауға мінеміз, желпіндіреміз, күш береміз, аяңдатып, желдіртіп ащы терін аламыз. Айта берсек аттың бабы бір кітапқа сыймайтын жұмбақ дүние. Әркім әртүрлі жаратады. Оны түсіну үшін көзбен көріп қана қоймай, жүрекпен сезіну қажет. Жүйріктің бабы дегеніміз таусылмайтын жеке бір ғылым секілді", - дейді Елубай атбегі.

Елубай Фазылұлының баптауындағы талай жүйріктердің маңдайы бәйгеде жарқыраған. Мысалы былтыр Қарағандыда өткен "Сарыарқа" спартакиадасындағы аламан бәйгеде "Желторы" атты сәйгүлігі алғашқы болып көмбеге келген екен. Мұндай бәйгелі болған сәттері аз емес. Жеңісті күндері де алда екендігі сөзсіз. Дегенмен атбегін Қамбар ата түлігінің ішінде қазақы аттардың тағдыры алаңдататынын айтады. Көп ретте табиғаты бөлек, төзімділігі жоғары қазақы аттар ұзын сирақ, қысқа мойын, ешкі бас шетелдік арғымақтардың көлеңкесінде қалып келе жатқаны өтірік емес. Е.Тұтқабековтің сөзіне қарағанда биыл ҚР Ат спорты федерациясы қазақы аттарды қолдау мақсатында Семей қаласында марафон өткізуді жоспарлаған көрінеді. Бұл бәйгеге қосылатын аттар 120 шақырымды еңсеру қажет болады. Аталмыш жарыста қазақы аттардың бағы жанады деген сенімі де зор. Оның бәрі уақыт еншісінде.

Атбегілікті серік еткен мұнай құбыршы итбегілікке де жаны құмар. Қазір қолында кезіндегі аштық уақытында бір ауылды жалғыз асыраған Ақтұйғын деген тазының тұқымы бар. Жақында Жаңаарқа ауданында өткен "Салбуырын-2019" жарысында Ақдауыл атты тазысы қасқырға түсіп, үшінші орын иеленген екен. Бұл да әріптесіміздің есепсіз еңбегінің жемісі деп білеміз.

Жалпы Елубай Тұтқабеков ұлтымыздың бабадан балаға жалғасып келе жатқан атбегілік және итбегілік өнерін қатар ұстаған ұлтжанды мұнай құбыршылардың бірі. "Атсыз қазақты, қазақсыз атты көз алдыңа елестету мүмкін емес", - дейді ол.

Бейбіт БӨЖЕНОВ

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: