Главная Новости Жылу электр станцияларындағы көмірді биомассаға ауыстыруды ұсынды
01 қараша 2024, 13:34 611

Жылу электр станцияларындағы көмірді биомассаға ауыстыруды ұсынды

Жылу электр станцияларындағы көмірді биомассаға ауыстыруды ұсынды

Қазақстанда 100-ден астам жылу электр станциялары бар. Олардың барлығы көмірқышқыл газын шығарудың ең үлкен көздерінің бірі болып табылатын көмірді жағады. Ғалымдар биомасса мен сапасы төмен қалдықтарды қайта өңдеуге негізделген жаңа технологияларды қолдануды ұсынып отыр.

Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің ассистент профессоры Ербол Сарбасов жетекшілік ететін Nazarbayev University (NU) «Таза энергия» зерттеу тобы осы мәселені сегіз жыл бойы зерттеп келеді. Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) 89-шы техникалық семинарында олар жобаларын таныстырды.  2024 жылдың 30–31 қазанында NU-да өткен семинар Қазақстанның энергетикалық болашағына арналған негізгі тақырыптардың бірі – «Көміртекті аулау және сақтау (CCS) процестері үшін қайнау қабатындағы конверсиялар (FBC) технологиясын қолдану» тақырыбына арналды.

«Әртүрлі отын түрлерін төмен температурада жағу технологиясы көмірқышқыл газының шығарындыларын азайтуға көмектеседі. Қазақстанда жұмыс істейтін станцияларда қазір тек көмір пайдаланылады, енді ол жоғары температурада жағылады. Жаңа технология төмен температурада жұмыс істейді және әртүрлі отынды, соның ішінде биомасса немесе кейбір жанғыш қалдықтарды бөлек немесе араластырып пайдалана алады. Бұл технология Скандинавия елдерінде және кейбір Еуропа елдерінде өте дамыған, мысалы, Польшада барлық станциялар оған көшкен. Қазір біз бұл саланы қалпына келтіріп жатырмыз, зертхана құрдық, ұлттық компаниялардан тапсырыстар алдық», — дейді жоба жетекшісі Ербол Сарбасов.

Семинарға «Самұрық-Энерго» АҚ, ҚР Ғалым және жоғары білім министрлігі, ҚР Энергетика министрлігінің өкілдері, сонымен қатар Швеция, Италия, Ресей, Сауд Арабиясы, Канада Эстония, Жапония және басқа елдердің ғалымдары қатысты. Олар қайнау қабатындағы конверсиялар технологиясының отынның жану тиімділігін арттыруға, көмірмен жұмыс істейтін электр станцияларының  шығарындыларын азайтуға және балама отынды, соның ішінде биомасса мен төмен сұрыпты қалдықтарды пайдалануға қалайша жол ашатынын талқылады.

«Қазір біз биомасса және қалдықтар сияқты жаңартылатын энергия көздеріне көшіп жатырмыз және бұл көшу әлемдегі жаһандық жылыну мәселесін шешу үшін өте маңызды. Менің ауданым бұл технологияларды көп жылдан бері пайдаланып келеді. Бұрын олар электр станцияларында қолданылған, ал қазір көптеген қалдықтарды қалпына келтіру зауыттарында және биомасса қазандықтарында. Біз Қазақстанның тобымызға қатысуын құптаймыз (ескерту – ХЭА), өйткені сіз өте қарқынды дамып келе жатқан елсіз және энергетика Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды болады», — деді Фабрицио Скала, Неаполь Федерико II университетінің профессоры (Италия).

Чалмерс технологиялық университетінің (Швеция) профессоры Бо Лекнердің сөзіне қарағанда көміртекті аулау және сақтау технологиялары бойынша Скандинавия елдері әлемде топ бастап тұр. Аталған технологияны енгізу бойынша Норвегиядан кейін екінші орында тұрған Швеция 2045 жылға қарай көмірқышқыл газының шығарындыларын нөлге дейін төмендетуді мақсат етуде және осы жолда қазірдің өзінде айтарлықтай жетістіктерге жеткен. Ал біздің үкімет елдегі көмірқышқыл газының ізін азайту мақсатында 2050 жылға қарай қазба отындарына тәуелділікті 50%-ға және 2030 жылға қарай СО₂ шығарындыларын 30%-ға төмендетуді мақсат етті.

NU «Таза энергия» тобы жаңа энергетиқалық технологиялары саласындағы бірнеше маңызды ғылыми жобаларды сәтті аяқтады. Соңғы жылдары бұл топ қазақстандық көмір электр станцияларына көміртекті азайту жөніндегі мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге көмектесетін көміртекті аулау және сақтау  технологияларын әзірлеу үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-мен ынтымақтастықты жалғастырды. Семинарда Қазақстанда көмірқышқыл газын химиялық циклдік генерациялау және бөлу саласында зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы қондырғы таныстырылды.  Сонымен қатар, университеттің негізгі жобаларына кіретін ағынды суларды қайта өңдеу, қалдықтарды басқару және ауыл шаруашылығы үшін жаңа көкжиектер ашатын зығыр сабанын термохимиялық түрлендіру жобасы кіреді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: