Главная Новости Жылылық сыйлар Серікгүл
26 тамыз 2021, 08:55 1026

Жылылық сыйлар Серікгүл

Жылылық сыйлар Серікгүл

Өз ісінің кәсіби маманы болған жандардың еңбек тәлімі де ерек болатыны бар. Кәсіпорындардағы жұмыс ырғағын жандандырып отыратын да солар. Газ саласының білікті маманы Серікгүл Шораханқызы да 30 жылдан аса осы салада табанды еңбек етіп келеді. Ерлермен иық тіресе жұмыс істеген ол «мамандығыма деген көзқарасым еш айныған емес» дейді.

Бүгінде зейнет жасына жақындаған маман иесі Тәуелсіздік жылдарында елінің өркендеуіне, аймақты көгілдір отынмен қамтуға өзіндік үлес қосқанына қуанады.

Алтын ұя мектебін үздік аяқтап, арманына қол созған Серікгүл Омарова газ саласында еңбек етуге бел буғанда маңайындағылардың таңырқай қарағаны да жасырын емес. Дегенмен, мақсаты айқын жас түлек Алматы қаласына барып, таңдаған мамандығына оқуға түседі. Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң жолдамамен туған жеріне оралып, 1983 жылы «Қызылордаоблгаз» өндірістік бірлестігінде еңбек жолын бастады. Әр жылдары жұмысында жоғарғы жетістіктерге жетіп, 15 жылда жауапты қызметтердің тізгінін ұстайды.  

Тәуелсіздік алған жылдары сол уақыттың үрдісімен «Қызылордаоблгаз» мекемесі жекешелендіріліп, бірнеше маманмен бірге Серікгүл де қысқартуға ілігеді. Жеті жылдан аса жұмыссыз отырған ол, мамандығымнан өзге жұмысты істеуге деген ниетім болмады дейді. Үмітін үзбей осы салаға қайта оралар шағын күте беріпті.

«Жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасқанымда мекемеде көбіне ер азаматтар қызмет атқаратынын білдім. Олар маған алғашында осы салаға келгеніме таңырқай қарайтын. Кейін өзімді жақсы қырымнан көрсете білген соң, жауапкершілігі жоғары жұмыстарды тапсыра беретін болды. Жұмыстан босап қалған уақытта, өзге салаға барғым келмеді. Мамандығым бойынша еңбек етемін деген үмітімді үзбедім. Өйткені, газ бар жерде жылылық бар. Ал, мен айналама, ел-жұртқа жылу сыйлағанды жақсы көремін», – дейді Серікгүл Омарова.

Арада жеті жыл уақыт өткен соң Қызылорда облысында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы ашылады. Білікті маман Серікгүл компанияның барлық сынағынан сәтті өтіп, қайта жұмысқа қосылады. Сол 2004 жылдан бүгінге дейін апатты диспетчерлік қызметінің диспетчеріқызметінде еңбек сіңіріп келеді.

Бүгінде Ұлттық оператордың өндірістік филиалы өңірді газдандыру жұмысын қарқынды жүргізіп келеді. Облыстағы барлық аудан орталықтарына газ құбырлары тартылып, 5 аудан толықтайтабиғи газға қосылды. Осының бәрі 5-6 жыл көлемінде ғана атқарылған орасан шаруа.

Елге қайырлы істердің ортасында жүрген Серікгүл Омарова бұл жетістіктердің бәрі еліміздің тәуелсіздігінің арқасында деп біледі.

Қазіргі таңда 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеген ардақты ана өз ұлының да осы газ саласында елге қызмет жасағанын жөн көріпті. «Еліміздің газ саласында әлі атқарылар ауқымды жұмыстар көп. Сондықтан ұлымның осы салада қызмет жасап, еңбегі сіңгенін қаладым. Өзімнің жиған тәжірибемнен балама бағыт берсем, оның жақсы маман атануына сеп болар еді. Білікті маман қашан да мемлекетімізге қажет» дейді Серікгүл Омарова.

Қызметтестері де Серікгүлдің ұжымның ұйытқысы екенін айтып мақтанады. Жұмысқа келген жас мамандарды қолдап, оларға кәсіптің қыр-сырын үйретуден жалықпайтынын айтады.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы

Дереккөз: «Айқын» газетінің сайты

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: