Главная Новости Жылыойда Азия чемпионатының жүлдегері марапатталды
27 сәуір 2022, 09:20 1399

Жылыойда Азия чемпионатының жүлдегері марапатталды

Жылыойда Азия чемпионатының жүлдегері марапатталды

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының басшысы Ғибатолла Шанаев Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы Бекзат Аманғалиды қабылдап, арнайы Алғыс хаты мен басқарма әкімшілігі атынан естелік сыйлықтарды табыстады.

19 жасында өңіріміздің спорт саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосып, салауатты өмір салтын насихаттауда көпке үлгі болған жас дарынға мұнайшылар атынан құрмет көрсетілді.

Сонымен қатар, спортшының дүбірлі додаларда топ жарып, жүлделі орын иеленуіне себепші болып жүрген жеке бапкері Нұрлан Әлжановқа чемпион ұлдарды тәрбиелеп жүргені үшін жүрекжарды жылы лебіздер арналды.

Олимпиадалық спорт түрі болып саналатын еркін күрестен 97 келі салмақта Азия чемпионатында жүлделі орын алу – өте үлкен жетістік болып табылады.

Кездесу барысында балуанға алдағы үлкен байрақты бәсекелерде биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріну тілектері айтылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: