Главная Новости Жұмысшылар денсаулығы – компания назарында
25 қаңтар 2021, 11:35 1007

Жұмысшылар денсаулығы – компания назарында

Жұмысшылар денсаулығы – компания назарында

«Қаражанбасмұнай» АҚ мен кәсіподақ ұйымы арасындағы келісімге сәйкес әлеуметтік пакет бойынша Қаражанбас компаниялар тобы жұмысшылары толық медициналық тексеруден өте алады. Ал 2021 жылдан бастап аталмыш қызметті «Нейрон» көпсалалы медициналық орталығы ұсынбақ. Енді қоғам жұмысшыларынан бөлек, олардың отбасы мүшелері, нақтырақ айтсақ, ата-анасы, жұбайы немесе балалары сапалы медициналық қызметті пайдалана алады.

«Біздің клиника жеке қызмет көрсету бойынша қаладағы үздік медициналық мекемелердің бірі. Бұған дейін де мұнай компанияларымен серіктестікте жұмыс істеп келеміз. Олардың денсаулығы жолында 30-ға тарта мамандық бойынша 270 ақ халатты қызмет етуге дайын», – деп атап өтті өндірістік медицина бойынша бас дәрігердің орынбасары Қарлығаш Құдайбергенова.

Компания жұмысшылары көпсалалы клиникаға келіп, тексерілуді бастап кетті. Солардың бірі кен орнындағы пайдалану, жабдықтау, икемдеу, жөндеу цехының инженері Бекзат Жайлаубаев. Медицина мамандары оны тексеріп, «екі жақты гайморит» диагнозын қойды.

«Бүгіннен бастап ем-дом қабылдап бастап жатырмын. Тез жазылып кетемін деген ойдамын. «Нейрон» қызметкерлеріне, дәрігерлеріне үлкен рақмет. Қолдан келген көмектерін жасап жатыр», – деді Бекзат Жайлаубаев.

Айта кететін жайт, былтырдан бастап штаттық қызметкерлермен қатар аутcтаффинг бойынша «Industrial Service Resources» ЖШС жұмысшылары да дәрігерлер көмегіне тегін жүгіне алады.

«Денсаулығыма ешқандай шағымым болмаса да, жұмыс ауысымынан келген сайын толық тексеруден өтіп тұрамын. Бізді бірінші рет «Нейрон» клиникасына қосып жатыр. Өзімнен бөлек, отбасымнан екі адамды емдеуге болатынын естіп, қуанып қалдым. Терапевт дәрігер тексеріп, емдік массаж жазып берді. Қаражанбас басшыларына рақмет айтамын», – деп қабат қысымын ұстау цехінің операторы Жәнібек Мамай ризашылығын білдірді.

Денсаулығына алаңдаған кез келген мұнайшыны «Нейрон» көпсалалы медициналық орталығы қабылдауға толық дайын. Жоспарлы тексеруден бөлек дәрігер бекіткен барлық ем дом тегін, бастысы сапалы жүргізіледі. Себебі Қаражанбас үшін қызметкер денсаулығы – басты құндылықтың бірі.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: