Главная Новости Жұмысшыларды ротациялау – өсу мен даму кепілі
05 мамыр 2021, 13:01 1115

Жұмысшыларды ротациялау – өсу мен даму кепілі

Жұмысшыларды ротациялау – өсу мен даму кепілі

Жұмысшыларды жан-жақты дамыту – «Қаражанбасмұнай» АҚ кадр саясатының маңызды бағыты. ҚБМ Маңғыстау облысы бойынша алғашқылардың бірі болып кадрларды ротациялау бағдарламасын сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл компанияға жан-жақты дамыған, тәжірибесі мол әмбебап мамандардың жаңа толқынын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 24 жұмысшы аталмыш бағдарламаның шарапатын көрді.

«ҚБМ кадр саласын жетілдіру бойынша жаңа серпін алды. Өйткені, тәжірибелі, жан-жақты мамандар жиналған ұйымшыл ұжымсыз алға жылжу мүмкін емес. Кадрларды ротациялау бағдарламасы арқылы осындай жұмысшылардың санын арттырамыз деп сенемін. Бұл біздің жұмысшылар үшін мансап сатысында өсуге таптырмас мүмкіндік. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы - қарапайым маман басшылық лауазымға да ауысуы мүмкін», – деді персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Ғибрат Ауғанов.

Ротация жұмысшылардың жаңа әрі жасырын қырын анықтап, оны дамытуға серпін берді. Жас маман Марат Мәмбетов 13 жыл бір цехте жөндеуші, одан соң бұрғышы болып жұмыс істеді. Өз қабілетін басқа бағытта сынап көруді көздеген ол, ротация бағдарламасы арқылы жаңа жетістікке жетті.

«Көп жыл бойы бір бағытта, бір орында отыру – тұлға ретінде дамуды тежеуі мүмкін. Даму мен өсуді қалаған адам алға қадам жасағанда ғана нәтижеге қол жеткізері анық. Өткен жылдың соңында мен жұмыс уақытын есептеу тобына техник болып ауыстым. Топ жетекшісі білгенін үйретіп, көп көмектесті. Соның нәтижесінде мен бір қадам алға басып, қазір еңбекті нормалау жөніндегі инженер ретінде қызмет етіп жүрмін. Жұмысшыларға осындай мүмкіндік ұсынған компания басшылығына алғыс білдіремін», – дейді Марат Мәмбетов.

Бағдарлама бойынша өндірістік басқармаға 14 жұмысшы ауыстырылса, 4 маман кен орнынан орталық кеңсеге келді. Кеңседен кен орнына 2 жұмысшы, тағы төрт қызметкер орталық аппарат ішінде жаңа жұмысқа кірісті. Аталмыш өзгерістер персоналдың кәсіби дамуына және отандық мұнай-газ саласы үшін білікті кадрларды даярлауға ықпал етеді.

(«Қаражанбасмұнай» АҚ facebook желісінен)

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: