Главная Новости Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
20 мамыр 2022, 08:30 1210

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

19 мамырда «Үздік маман – 2022» кәсіби байқауының бірінші кезеңі аяқталды.

«Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының 150 қызметкері қатысуға өтінім берді. Байқау мұнай және газ өндіру жөніндегі операторлар, слесарь-жөндеушілер, қабат қысымын ұстау жөніндегі операторлар, электргазбен дәнекерлеушілер, токарлар, ұңғымаларды зерттеу жөніндегі операторлар және химиялық талдау зертханашылары арасында өткізілді.

Байқаудың бірінші кезеңі екі бөлімнен тұрады: практикалық және теориялық. Жақында практикалық бөлім сәтті өтіп, сайыс барысында жұмыстың сапасы, нормативтік уақыт пен жылдамдық бойынша тапсырманың орындалуы, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы, жұмыс орнының мәдениеті бағаланды.

Ал бүгін қатысушылар теориялық білімдерін тексеру үшін арнайы тестілеуден өтті. Қатысушыларға бір сағат ішінде 50 сұраққа жауап беру қажет болды. Аталған тестілеу мамандық дағдыларын, функционалдық міндеттерін, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерін білу мәселелерін қамтыды. Тестілеу байқаудың барлық қатысушыларына арналған бірыңғай сұрақтар тізімі бойынша «My Test» бағдарламасында online режимінде өткізілді.

Осылайша практикалық және теориялық бөлімнің қорытындысы бойынша «Үздік маман – 2022» бірінші кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Өндірістік басқарма басшылары салтанатты марапаттау рәсімінде жүлдегерлерді шын жүректен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады.

Аталған сайыстың 1-кезеңінің жеңімпаздары төмендегідей мөлшерде біржолғы төлемдермен марапатталатынын атап өткен жөн:

  • 1-орын үшін - 100 АЕК;
  • 2-орын үшін - 70 АЕК;
  • 3-орын үшін - 50 АЕК.

Төртінші орын алған үміткерлер де ескерусіз қалмайды. Оларға қоғам кәсіподағының атынан ынталандыру сыйлықтары қарастырылған.

Ал «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ және «Жетібаймұнайгаз» ӨБ бірінші кезеңінің жеңімпаздары осы жылы маусым айының басында өтетін байқаудың екінші бөлімінде, яғни үздіктердің үздігін анықтайтын додада бақ сынайтын болады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: