Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да өз ісін шебер меңгерумен қатар салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік еткен теміржолшылар көп. Соның бірі Расұлан Қуанышқан жақында Самұрық-Қазына ұйымдастырған жарыста жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанада өткен «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Charity Samruk Marathon-2024» қайырымдылық марафонына 1200 желаяқ қатысты. Балаларды, соның ішінде ерекше балаларды қолдауға арналған бұл әлеуметтік жоба аясында өткен шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қызметкері қатарында Жолды диагностикалау орталығының инфрақұрылым нысандарын мониторингтеу және кешенді талдау бөлімінің менеджері Расұлан Қуанышқан да қатысқан болатын. Спортшылар екі қашықтыққа жүгірді: 5 шақырымға (әуесқойлар) және 10 шақырымға (кәсібилер). Міне, біздің кейіпкеріміз осы жарыста әуесқойлар қатарынан табылып, 5 шақырым қашықтықты 17 минутта жүгіріп өтіп, бәсекелестерінен басым түсті. 1-орынды иемденген теміржолшы жігіттің мерейі үстем болды.
– Жеңіл атлетикамен айналысқаныма екі жылдай болды. Алғашқыда денсаулығымды нығайту, өзімді тонуста ұстау үшін жүгіре бастадым. 2023 жылы Самұрық-Қазына ұйымдастырған марафонда 10 км қашықтығына қатысып, 2-орын алдым. Спорт адамға стимул береді. Жеңістің аздап дәмін татсаң, ол сені әрі қарай жетелей түседі. Сол екінші орын менің ынта-ықыласымды арттырды. Келесі жылы міндетті түрде 1-орын аламын деп өзіммен өзім бәстестім. Сосын қаңтар айынан бастап қарқынды түрде дайындалуға кірістім. Биыл сол кішкентай жетістігіме жеттім. 5 км қашықтықты 17 минутта жүгіріп өтіп, өз жас санатымда бірінші орын иелендім. Болашақта бұдан да жоғары жетістіктікке жетсем деген арманым бар, осы бағытта жұмыс істейтін боламын, – деді ордабұзар отыздағы Расұлан.
Сұлугүл Бакесова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету