Главная Новости Ғибрат Ауғанов: «Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларды қолдауды жалғастырады
23 ақпан 2023, 16:26 1995

Ғибрат Ауғанов: «Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларды қолдауды жалғастырады

Ғибрат Ауғанов: «Самұрық-Қазына» әлеуметтік жобаларды қолдауды жалғастырады «АлЭС» АҚ баспасөз қызметі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Алматыда қордың компаниялар тобының белсенді жастарымен кездесті. Кездесуде қордың жас энергетиктері гидроэлектр станциялары, бу-газ қондырғылары мен кабель желілерді жаңғырту бойынша кәдеге жарамды ойларын бөлісіп, «жасыл экономика» негіздері туралы баяндама жасады. Бұл туралы Ғибрат Ауғанов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, мұндай тың идеялар мен ашық диалог Қордың жұмысын жетілдіруге елеулі үлес қосады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастар мәселесіне айрықша басымдық беріп, олардың кәсіби тұрғыдан жетілуіне мүмкіндік ашатын дербес стратегия маңызына ерекше назар аударып отыр. Президент жанындағы жастар кадр резервінің мүшесі ретінде бұл бастаманы жан-жақты қамтып, өз тарапымнан қолдау білдіруге асықпын», - деп жазды Ғибрат Ауғанов.

Ол холдинг тобындағы жастардың білікті маман ретінде толысқаны қор үшін аса маңызды екеніне тоқталды. Былтыр осы мақсатты жүзеге асыру үшін қор ішінде белсенді замандастарды бір ортаға шоғырландырып, оларға арналған даму бағдарламасын әзірлеу жұмыстары басталған болатын.

«Бүгін «Жеті қадам» эксклюзив оқу бағдарламасы іске қосылды. Бұл 7 модульден тұратын бірегей жоба. Оқудың мақсаты – жас мамандардың көшбасшы әлеуетін дамыту, коммуникатив дағдыларын жетілдіру және бюджет жоспарлау қағидаттарын үйрету. Кездесу барысында жас мамандар бағдарламаның негізгі міндетін жетік түсінгенін байқадым. Олардың бойындағы жаңашылдық пен ізденіс көптеген бағытты қамтып отыр. Алдағы күндері оқу қорытындысы бойынша толық айтып беретін боламын», - деді қордың басқарушы директоры.

Ол, сондай-ақ, жұмыс сапары аясындағы басты оқиғаның бірі алматылық жас мамандармен ұзақ жылдар бойы Қор қамқорлығындағы «Аутизмді жеңеміз» оңалту орталығына барғанын жазды.

«Онда ем алып жатқан қарақөздерімізбен кездесіп, олардың денсаулығының жақсаруына қандай да бір үлес қосып жатқанымыз көңілімізге жылу ұялатты. Осындай игі, әлеуметтік жобаларды Қор өз тарапынан жалғастыра беретін болады», - деді Ғибрат Ауғанов..

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: