Главная Новости Ғибраттың еңбек жолы да ғибратты
02 қыркүйек 2021, 08:00 925

Ғибраттың еңбек жолы да ғибратты

Ғибраттың еңбек жолы да ғибратты

Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында біз еңбекқорлығымен көпке үлгі болып жүрген қаражанбастықтармен таныстыруды жалғастырамыз. «Қаражанбасмұнай» АҚ ұжымының мақтанышы деп айтуға лайық мамандардың бірі – Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Ғибрат Ауғанов.

Бұл мансап сатысымен қатардағы инженерден бастап ірі мұнай өндіруші компанияның департамент директорына дейін өрлеген қарапайым ауыл баласы туралы оқиға. Бүгінде оның бастамасымен компанияда көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Мәселен, өткен жылы кен орнында студенттерді тәжірибеге бағытталған оқыту бойынша жоба басталды. Кадрларды ротациялау іске асырылып, интеграция кезінде үлкен жұмыс атқарылды. Оған қоса тәжірибелі мұнайшыларды Шахмардан Есенов атындағы университеттің оқытушылар қатарына қосу жобасы қолға алынды. Аталмыш іске үлкен еңбек сіңіру арқылы Ғибрат әрбір жастың бойындағы ұмтылысты ерекше сезеді.

«Менің өмірбаяным кедергілерді еңсеріп, алға қалай жылжу керектігі туралы нұсқауллыққа ұқсайды. Мен Солтүстік Қазақстан облысының Қызыл-ту ауылында қарапайым отбасында дүниеге келдім. Ата-анам біздің бойымызға адалдық пен еңбекқорлық сияқты ең ізгі адами қасиеттерді сіңіріп өсірді. Мені бала күнімнен әкемнің жетістіктері қызықтыратын. Ол жас кезінде аудандық жұмысшы кооперативінің төрағасы болған. Өкінішке қарай ол ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Алайда, одан алған үлгім менің қазіргі жетістіктерімнің негізі деп ойлаймын», – дейді Ғибрат.

Кейіпкеріміз бала кезінен бері маңызды шешім қабылдауға машықтанған. 10 жыл күреспен айналысқан Ғибрат оқу оқып, жұмыс істеп, отбасына жәрдемдесу үшін спортты тастауға мәжбүр болды. Ол үшін жеке мүдделерден гөрі отбасының ризашылығы маңызды еді. Ақ бата арқасында оның алдынан сан тарау жол ашылып, мүмкіндіктер молая түскен.

«Мен 2006 жылы университетке оқуға түстім. Екінші курста Отан алдындағы борышымды өтеп, ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету туралы шешім қабылдадым. Әскери борышымды өтеп, диплом алып, жұмысқа орналастым. 2009 жылы «ҚазМұнайГаз «БӨ» АҚ» «инженерлік орталық» филиалына еңбекті жоспарлау және ақпараттандыру бөлімінің инженері болып жұмысқа орналастым. Менің ойымша білім – үздіксіз өсудің кепілі. Сондықтан 2010 жылы Тараз университетінің мұнай-газ факультетіне оқуға түстім. Оны аяқталғаннан кейін білімімді магистратурада жалғастырдым», – дейді ол.

Ғибраттың оқу мен дамуға деген ұмтылысы оның алдынан жаңа жолдар ашты. Ол жыл сайын «Жас мамандар күні» жобасында бақ сынады. Алайда алғашқы екі жыл нәтижесіз болды. Жеңіске жеткенше тынымсыз еңбектенген Ғибрат, қатысуға тағы да өтініш білдіріп, көздегеніне қол жеткізді. Аталмыш сайыста І орынды жеңіп алған ол, мансап сатысымен тағы бір биікке көтерілді.

«Әке үмітін ақтауға деген ұмтылыс пен өз біліміме деген сенімділік арқасында 2017 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ-да персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаменті директорының орынбасары болып тағайындалдым. Бұл мен үшін үлкен жетістік еді. Сондықтан өзіме жүктелген жұмысты мінсіз орындауға барымды салдым», – дейді Ғибрат.

Аталмыш компанияда жұмыс істей жүріп, ол президенттік жастар кадрлық резервіне қатысуға өтініш берген. «Өзіңмен күресу – күрестердің ұлысы» демекші, білімі мен қабілетін сынға салған Ғибрат – әрбір жасқа үлгі. Президенттік жастар кадрлық резерві – жастарды асқақ мақсатқа жетелейтін жол. Ғибрат бүгінде осы жоба арқасында ҚБМ-ның персоналмен жұмыс және еңбекақы төлеу департаментінің директоры қызметіне келді:

«Мен бұл қызметке кіріскенде пандемияның алғашқы толқыны өршіп тұрды. Өзіме жүктелген міндеттермен қатар, біз кен орнындағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін жұмыс істедік. Вирус жұқтырған әріптестерді, дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныш құралдарын тасымалдадық. Ауру жұқтырған әріптестермен байланысу арқылы, мен біздің бір-бірімізге қаншалықты қажет екенімізді сезіндім. Біздің компанияның құндылығы осында».

ҚБМ-дағы жас мұнайшылар толқыны сала ардегерлері салған сара жолмен жүріп келеді. Алдыңғы буынның тынымсыз еңбегі мен жалынды жігерінен шабыт алатын жастар өнімді еңбек етіп, биікке өрлеуге ұмтылады. Өндіріс – тоқтаусыз жүретін үдеріс. Ал ҚБМ-ның қозғаушы күші – жұмысшылар. Қыстың қытымыр аязы мен жаздың аптап ыстығын елемей ел игілігі үшін барын салатын мұнайшылар барда, ел экономикасы үздіксіз дами бермек.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: