Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбас кен орнына жұмыс сапары кезінде «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы қабат суын тұшытатын зауытттың құрылыс барысымен танысты. Зауыттың өзін және негізгі цехтерін салумен айналысатын объект инвесторы «СИТИК - Водная экология» БК ҚБМ басшылығына атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Мамыр айының басындағы басшылық сапарынан кейін, құрылыс алаңында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Гидросынақтан сәтті өткен 14 металл резервуарды монтаждау толығымен аяқталды. Қазір резервуарлардың бір бөлігі пайдалануға дайын.
«Біз цехтер бойынша жабдықтардың бір бөлігін орнаттық. Қазір жаңадан келген жабдықты қаптамадан шығару және монтаждауды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, сыртқы қабырғалар жартылай тұрғызылды, цехтерге пластикалық терезелер орнатылды. Жұмыс жоспарға сай жүріп жатыр», – деді мердігер мекеме өкілдері.

Әрі қарай, ҚБМ басшылығы іске қосу кешендеріндегі жағдаймен танысты. ПК-1-дегі екі бөлек құбыр гидросынақтан өтті. Қалғандары бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұған дейінгі сапар барысында басшылық атап өткен құбырлардың түйіскен жеріне қатысты ескертулер уақтылы жойылды.
«Пандемияға байланысты ҚХР-дан келетін жүктердің кешігуіне байланысты әлі де проблемалар жоқ емес. Шекарада әртүрлі жабдықтар мен химиялық реагенттері бар 60-тан астам вагон бар. Келесі айда бәрін аламыз деген үміттеміз. Автотасымалдауға қатысты барлық машиналар шекарадан өтіп, ҚР аумағында тұр», – деп атап өтті мердігерлер.

Құрылыс барысын тексергеннен соң, ҚБМ басшылығы мердігерлермен жиналыс өткізді. Жиналыста қауіпсіздік техникасын сақтауға қатысты бірқатар мәселе айтылды. Жұмысшылардың эпидемиологиялық қауіпсіздігі маңызды мәселе. Айта кетейік, мердігер мекеменің әрбір қызметкері кен орнындағы егу пунктінен ерікті түрде вакцина ала алады. Кеңес қорытындысы бойынша басшылық құрылыс жұмыстарын жеделдету мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
243
19 марта 10:08
В Жамбылской области дали старт строительству ветропарка «Мирный» мощностью 1 ГВт