Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Ғылыми-техникалық кеңесінің 7-отырысында уран мен көмірсутектерді өндірудің инновациялық әдістері жөніндегі жобалар мен «Самғау» орталығының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары қаралып, сондай-ақ ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды басқаратын цифрлық платформа таныстырылды. Кеңестің 7-отырысына ҚР Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария қатысты.
Ғылыми жобалар портфелінде 9,2 млрд теңгеге 32 жоба бар. Олардың 67%-ы өндіріске енгізілетін дайын шешімдерді ұсынады. Бұл ретте жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларға қатысу үлесі үш жылда 11%-дан 30%-ға өскен.
2025 жылы 5 жобаны аяқтау жоспарланған, олардың экономикалық тиімділігі (5 жыл ішінде) 196 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланған. Аталған жобалардың төртеуі «ҚазМұнайГазға» тиесілі. Атап айтқанда: ілеспе газды өңдеу, белсенді алюминий негізіндегі кешенді реагенттер, импульстік сейсмикалық барлау, инновациялық тереңдік сорғылары.
Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіптің» арнайы химиялық реагент жөніндегі жобасы бар. Ғылыми-техникалық кеңестің отырысында қатысушыларға жер қойнауын пайдаланушылардың технологиялық міндеттерін қалыптастырудан бастап, оларға шешім іздеуге, барлық деңгейдегі сараптамалар мен ғылыми-техникалық кеңес отырыстарын өткізуге, жобалардың іске асырылуын бақылауға дейін бүкіл процестерді қамтитын Цифрлық платформа таныстырылды.
Президенттің кеңесшісі Күнсұлу Закария Мемлекет басшысы ғылымды дамыту мәселесіне айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. Ғылыми жобаларды валидациялау, сараптау және мониторинг жүргізу ісінде «Самғау» орталығының Цифрлық платформа негізінде жинақтаған тәжірибесі ғылыми қауымдастық арасында озық үлгі болып саналады және оны елдің ғылым саласындағы цифрлық платформасына енгізіп, кеңінен тарату қажет деді.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»