Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қаражанбастың әр ұңғымасы кен орны тарихынан ерекше сыр шертеді. Олардың жай-күйін жақсы меңгерген жұмысшылар қатарында ұңғымаларды ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы мамандары да бар. Солардың бірі – өмірінің отыз жылын Қаражанбасқа арнаған Ғабит Рысбаев.
Қолына монометр алып, ұңғымалардың жерасты қысымын өлшеп, температурасын тексеру Ғабит үшін үйреншікті іс. Ол еңбек жолын №2 мұнай өндіру цехында слесарь болып бастаған. Кейін ҰҒЗжӨЖЦ-на ауысып, оператор, инженер қызметін атқарыпты. Қазір цехтың жиырмаға жуық жұмысшысына жетекшілік ететін шебер адал еңбегімен, нәтижелі жұмысымен, ұжым алдында сыйлы маман.
«Әр кезең өз қызығымен, қиындығымен жадымызда мәңгілікке жатталады. Қаражанбасқа енді келген жас маман шағымды сағынып еске алып отырамын. Кен орнында жүріп көп нәрсе үйрендік. Жаңа технологияларды шебер пайдалана алатын маманға айналдық. Сондықтан Қаражанбас біз үшін үлкен мектеп», – дейді Ғабит Рысбаев.
Бозашы даласында биікке ұмтылған ұңғымаларды зерттеу шебері отбасында жарымен бірге үш перзент тәрбиелеп өсірген әке. Ғабиттің тұңғышы бүгінде өзімен қатар бір цехта еңбек етіп, әке жолын жалғап жүр. Білікті маманға цехтың маңызды жұмыстары жүктеледі. Оның нәтижелі еңбегіне қарап, өндіріс тынысының кеңейе түсетініне кәміл сенуге болады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
294
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи