Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Фото: Александр Жабчук
Астана қаласында Халықаралық теміржол жүк қатынасы туралы келісімді (ХТЖҚК) жетілдіру мәселелері бойынша көлік құқығы бойынша Теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) комиссиясының сарапшылар кеңесі басталды. Іс-шараға Әзербайжан, Беларусь, Венгрия, Грузия, Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей және ТЖЫҰ комитетінің өкілдері қатысты.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің өкілі Ақтан Рабаев құттықтау сөз сөйлеп, ТЖЫҰ көлік құқығын жетілдіру бойынша бірлескен жұмыс ТЖЫҰ-ға мүше барлық елдердің тасымалдау көлемін ұлғайтуға ықпал ететінін атап өтті.
"Қазақстанда транзиттік жүк ағынының ұлғаюын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдық қуаттарды кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде: таяу үш жылда 1300 км жаңа темір жолын, Қытай Халық Республикасымен үшінші темір жол өткелін - Бақты-Аягөз салу жоспарлануда. ҚХР – ЕО қатынасындағы контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінің 40%-не дейін қалыптасатын Сиань қаласының (ҚХР) Құрғақ портында қытайлық серіктестермен бірлесіп 2024 жылы Қытайдың Шэньси қаласын Қазақстанмен, Орталық Азиямен және одан әрі Еуропамен байланыстыратын логистикалық терминал ашылды", - деді А.Рабаев.

Төрт күн ішінде сарапшылар жүктерді халықаралық қатынаста темір жол көлігімен тасымалдау жөніндегі негізгі құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелерімен жұмыс істейтін болады.
Кеңес барысында қазақстандық тарап ұсынған ХТЖҚК бірыңғай жүкқұжатын қолдана отырып, тікелей халықаралық темір жол-су қатынасын дамыту жөніндегі жоба талқыланатын болады.
Теміржол ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ) – 28 еуропалық және азиялық елдердің темір жол көлігін жүргізетін министрліктері мүше болып табылатын халықаралық ұйым.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы