Главная Новости «ХИМ-плюс» – қауіпсіздікке басымдық: қызметкерлер алғашқы көмек дағдыларын жетілдірді
02 декабря 2025, 11:41 120

«ХИМ-плюс» – қауіпсіздікке басымдық: қызметкерлер алғашқы көмек дағдыларын жетілдірді

«ХИМ-плюс» – қауіпсіздікке басымдық: қызметкерлер алғашқы көмек дағдыларын жетілдірді

ТОО «ХИМ-плюс» қызметкерлері үшін алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша «Жүрек-өкпе реанимациясы» тақырыбында практикалық мастер-класс өткізілді.

Сабақты Шу қаласының жедел жәрдем фельдшері Ахметов О.Е. жүргізіп, жүрек-өкпе реанимациясының негізгі алгоритмдерін түсіндіріп, оны іс жүзінде орындау тәсілдерін көрсетті. ⠀

Қызметкерлер алған білімдері мен дағдыларын офисте де, өндірістік алаңда да бекітуге мүмкіндік алды. Мұндай тренингтер персоналдың төтенше жағдайларға дайындығын арттырып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін сақтауға ықпал етеді. ⠀

Айта кетейік, ТОО «ХИМ-плюс» жұмыс істеп келе жатқан бүкіл кезең ішінде бірде-бір жазатайым оқиға немесе өндірістік жарақат тіркелмеген. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.

 

 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: