Главная Новости HR Time КТZ: Өңірлік коэффициенттер
26 мамыр 2022, 10:19 2034

HR Time КТZ: Өңірлік коэффициенттер

HR Time КТZ: Өңірлік коэффициенттер

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да «Өңірлік коэффициенттер» тақырыбында «HR Time КТZ» алғашқы кездесуі болып өтті. Бұл іс-шара компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаевтың төрағалығымен және Самұрық-Қазына қорының қолдауымен тәжірибе алмасу және еңбекақы төлеу саласындағы мәселелерді талқылау аясында өтті.

Оған «Самұрық-Қазына» қоры қоржындық компанияларының және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның HR мәселелеріне жетекшілік ететін сарапшылары мен басшылары қатысты.

Сарапшылар өз компанияларының өңірлік коэффициенттер бойынша тәжірибесімен бөлісіп, жетілдіруді және жүйелі шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу туралы шешім қабылданды.

Жақын арада «ҚТЖ» ҰК» АҚ еңбекақы төлеуге байланысты бірқатар мәселелерді шешу үшін уәкілетті органдардың өкілдерімен осындай іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: