Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ұлттық пошта операторы және ірі интернет-провайдер клиенттер үшін жаңа сервистерді дамытады. «Қазпошта» АҚ және «Кселл» АҚ басшылары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум аясында қолға алынатын барлық жобалар бірінші кезекте ауылдар мен аудан орталықтарында тұратын қазақстандықтардың қажеттіліктерін өтеуге бағытталған.
Елді мекен тұрғындары Қазпоштаның жергілікті бөлімшелері арқылы смартфондарға тапсырыс беру мүмкіндігіне ие болады. Оларға қажетті гаджеттерді қолма-қол ақшаға және бөліп төлеу арқылы сатып алудың тиімді шарттары ұсынылады.
Сонымен бірге тұрғындар Post.kz сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы Kcell интернет-дүкенінен тауарларға тапсырыс беру мүмкіндігін иеленеді. Оны Қазпошта еліміздегі кез келген өңірге және шалғай ауылдарға жеткізеді. Ұлттық пошта операторы агенттік және пошталық қызмет арқылы ауыл тұрғындарына цифрлық өнімдерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
«Қазпошта цифрлық трансформация аясында қызметтерді жетілдіруге және электрондық сауданың әлеуетін дамытуға басымдық беріп отыр. Оған біздің және әріптесіміздің ресурстар синергиясы де септігін тигізеді. Маркетплейстер, Fullfilment-орталықтар және пошта-логистикалық қызметтер негізінде бірлесе әрекет ету арқасында толық кешенді сервистің экожүйесі қалыптасады. Бұл ретте бірінші кезекте ауыл мен аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға назар аударылған. Бүгінде біздің сайтымызда және мобильді қосымшамызда «маркетплейстер витринасын» қалыптастыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Оның арқасында шалғай ауылдың тұрғындары өздеріне қажетті тауарларды таңдап, олардың жеткізілуіне тапсырыс бере алады», – деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.
Ұлттық пошта операторы және интернет-провайдер биылғы жылдың соңыңа дейін жаңа қызметті іске қосады. Оның арқасында ұялы телефондағы қаржыны Post.kz арқылы Қазпоштаның кез келген төлем картасына аудару мүмкіндігі ұсынылады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы