Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтың Saint JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жайында аталмыш сыйлықтың Twitter парақшасында хабарланды. Ол төрт үміткердің ішінен қара үзіп шыққан. Кейіннен рэпердің өзі Instagram парақшасында видео жариялады.
«Әр музыканттың карьерасындағы ең керемет сәт - Grammy сыйлығын иелену. Біз осы жетістікке қол жеткіздік!» деп жазады Иманбек Зейкенов.
Таяуда көпшілікке диджей ретінде танылған жерлесіміз Imanbek Rita Ora және David Guetta сияқты әлемге әйгілі музыканттармен бірге ән жазған болатын.Өзінің айтуынша, ол ән әрлеуді жергілікті диджейлер мен продюсерлерден және Youtube желісіндегі видеосабақтан үйренген. 2019 жылдың жазында Иманбек Saint Jhn атты рэпердің Roses атты әнін тауып, соған ремикс жазуды қолға алады. Бұл композиция үш жыл бұрын шығып қойған болатын. Иманбек әнге ремикс жазып, оны әлеуметтік желіге жариялады. Арада бірнеше ай өткенде ол поп жұлдызға айналды.
Айта кетейік, Иманбек Зейкенов «Қазақстан Темір Жолы» АҚ Павлодар бөлімшесі Ақсу 1 станциясында белгі беруші болып қызмет еткен болатын. Теміржолшылар өнерпаз әріптесін қолдау мақсатында «Қазақстан Темір Жолының» елордадағы бас әкімшілік ғимаратында видео көрсетті.
«Қазақстан темір жолдарының барлық қызметкерлері сені мақтан тұтады. Иманбек - сен нағыз үлгісің. Біз саған және сенің жарын болашағыңа сенеміз!» делінген компанияның әлеуметтік желідегі парағында.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
100
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
106
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы