Главная Новости Интернет игілігі. Нарынқол ауылының тұрмысы қалай жанданды?
18 мамыр 2021, 08:49 789

Интернет игілігі. Нарынқол ауылының тұрмысы қалай жанданды?

Интернет игілігі. Нарынқол ауылының тұрмысы қалай жанданды?

«Қазақтелеком» АҚ тартқан талшықты оптикалық байланыс жүйесі арқылы Жетісудағы Нарынқол ауылының 10 мың тұрғыны ғаламтордың игілігіне қол жеткізді, деп хабарлайды SKnews.kz компанияның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Алматы облысындағы ауылдарды талшықты-оптикалық технология арқылы кең жолақты интернетпен қамту бойынша ауқымды жоба 2020 жылдың қараша айында аяқталған болатын. Өңірдегі 159 ауыл интернетке қосылды.

Интернет келгенге дейін нарынқолдық энцефалопатия белгілері бар III топтағы мүгедек кәсіпкер Орынгүл Баратжан шикізатты іздеуде де, дайын өнімді сатуда да қиындықтарға тап болатын.

«Мен қолөнермен 10 жылдан астам уақыт айналысып келемін. Бүкіл Қазақстан бойынша мен сияқты 11 қолөнерші бар. Мен тіккен аяқ киім сұранысқа ие болғанына қуаныштымын. Қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар етікке эстрада жұлдыздары мен көкпаршылар тапсырыс береді. Мұндай сәттерде сіз өзіңіздің науқас екеніңізді ұмытып кетесіз», – дейді Орынгүл Баратжан.

Былтыр көктемде шикізат сатып алу мүмкіндігі артқанының пайдасын кәсіпкер ғана көрген жоқ: тапсырыстардың көбеюі және былғарының дер кезінде жеткізілуі Орынгүл Баратжанға пандемияның басында ауылдастарын тұрақты жұмыспен қамтуына мүмкіндік берді.

«Біздің ауылдағы Интернет үшін «Қазақтелекомға» өте ризамын: мен шикізатты жеткізушілерге онлайн тапсырыс бере бастадым және өндірісті тоқтатпауға мүмкіндігім болды. Енді мен баға мен сапаны салыстыра аламын, ең жақсы ұсыныстарды таңдай аламын», – дейді кәсіпкер.

Өткен жылдың басында «Қазақтелеком» мамандары Алматы облысының Райымбек ауданында талшықты-оптикалық байланыс желілері құрылысын аяқтап, радиорелелік байланыс желісін тартқанын атап өткен жөн.

«Біз шағын және орта бизнесті Интернетпен қамтамасыз етеміз, жету қиын және шалғай елді мекендерде тұратын халыққа заманауи цифрлық қызметтерді ұсынамыз. Біз өз абоненттерімізді сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге және кез келген ауа-райы жағдайында Интернетке үздіксіз қосылуды қамтамасыз етуге тырысамыз, бұл Райымбек өңірінде ерекше маңызды», – дейді «Қазақтелеком» Кеген-Райымбек желі-техникалық цехының бастығы Мақсат Әлімбеков.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: