Главная Новости IPO және жекешелендіру бойынша «Самұрық-Қазына» компанияларының тізімі бекітілді
01 сәуір 2022, 17:27 1012

IPO және жекешелендіру бойынша «Самұрық-Қазына» компанияларының тізімі бекітілді

IPO және жекешелендіру бойынша «Самұрық-Қазына» компанияларының тізімі бекітілді

«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесі мен арнайы шақырылған сарапшылар IPO және өзге де тәсілдер арқылы бәсекелес ортаға беруге ұсынылған Қор активтерінің жаңартылған тізбесі жобасын қарады.

Тізімдегі компаниялардың саны 2,5 есе өсіп, 253-ке жетті. Бірқатарын атап өтсек оған: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» АҚ және т.б. кірді. Бұл тек холдингтік компаниялар ғана емес, сонымен қатар капиталдандыруы төменірек кәсіпорындар. Оларды IPO және жекешелендіру әлемдік тәжірибеге сәйкес шара және мемлекеттік меншіктен алу арқылы тиімді нарықтық экономиканы құру бағытына сәйкес жүзеге аспақ.

Сарапшылар позициясы

Осы тақырып толық қамтылған 18 наурызда өткен отырысқа қаржы саласының 30-дан астам жетекші өкілдері шақырылды. Сыртқы сарапшылар ретінде Қазақстанның ірі инвестициялық банктері мен компанияларының басшылары, көрнекті ғалымдар мен қаржыгерлер қатысты. Олардың қатарында «Ракурс» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, Қазақстан қор биржасының (KASE) басқарма төрағасы Алина Алдамберген, АХҚО биржасы (AIX) басқарма төрағасы Ренат Бектұров, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова, Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығының атқарушы директоры. (QAMS) Данияр Темірбаев, «TALAP» қолданбалы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев, қаржыгер және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Расул Рысмамбетов және басқа да мамандар болды.

Сарапшылардың көпшілігі бәсекелес ортаға беру жоспарланған активтер тізімін кеңейтуді қолдады. «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго» немесе «KEGOC» сияқты ірі энергетикалық компаниялардың жекешелендіруі мен IPO-ға өткеннен кейін олардың өніміне тарифтерді белгілеу мәселесі қоғамды алаңдатып отырғаны айтылды. Қоғамдық кеңес төрағасы Болат Жәмішев стратегиялық компаниялардың капиталындағы IPO немесе бақылау жасамайтын акциялардың сатылғанына қарамастан оларға бақылау мемлекет құзырында қала беретінін атап өтті. Себебі мемлекет (Қор арқылы) бақылау пакетін өзіне қалдырады. Сонымен қатар, мемлекет бұрынғысынша салалық реттеушілердің көмегімен тарифтерді белгілеуге ықпал ете алады.

IPO өткізу уақыты

Отырыста көтерілген негізгі мәселелерінің бірі макроэкономикалық және сыртқы саясат жылдам өзгеріп жатқан жағдайда, Қор компанияларының IPO-ға шығу мерзімі анықтау тақырыбы болды. Расул Рысмамбетов: «IPO-ның шығарудың қолайлы уақытын күткенмен ешқашан жақсы сәтті таппайсыз, сондықтан оны қазір алға жылжыту керек»,- деді. Данияр Темірбаевтың пікірінше, қазіргі баға конъюнктурасына байланысты «ҚазМұнайГаз» сияқты мұнай-газ компанияларының IPO өткізуі үшін қолайлы уақыт келіп тұр. Рахым Ошақбаев бүгінгідей жоғары белгісіздік жағдайында орналастыру туралы шешім қабылдау IPO уақыты ең маңызды фактор екенін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» қорының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанаділ Қор IPO өткізу мерзіміне қатысты ұсыныстарды міндетті түрде ескеретініне тоқталып, түпкілікті шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтынын атап өтті.

Азаматтардың қатысуы

Тағы бір маңызды мәселе Қазақстан азаматтарының ірі компаниялардың IPO-ға қатысуы болды. Сарапшылар тиісті ақпараттық науқанды өткізуге ақша үнемдемей, биржада нақты орналастыруға кемінде бір ай бұрын алдын ала қоғамдық түсініктемелер мен роуд-шоулар (азаматтармен кездесулер) көптеп өткізілу қажеттілігіне тоқталды.

Бірқатар мамандар IPO кезінде қазақстандық жеке тұлғалар мен институционалдық инвесторлардың өтініштері бірінші кезекте қанағаттандырылуын жақтады. Ернар Жанаділ осыған орай, халықаралық нарықтарға шығу кезінде Қор мен эмитенттерден әлемдік реттеу және листингтік талаптарды сақтау талап етілетінін, қазақстандық инвесторлар үшін жеңілдіктер жасау халықаралық инвесторлардың құқықтарын бұзу ретінде қарастырылуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда, тек жергілікті нарыққа шығатын компаниялар болса, Қор жергілікті инвесторларға назар аударады.

Шешімдер мен ұсыныстар

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес бірқатар шешімдер мен ұсынымдар қабылдады. Олардың ішінде:

  • ағымдағы нарықтық жағдайды және сыртқы факторларды ескере отырып, жекешелендірудің бұрын белгіленген мерзімдерін қайта қарау;
  • акцияларын тек жергілікті қор нарығында орналастыратын компаниялардың IPO-да ел тұрғындары мен қазақстандағы институционалдық және бөлшек инвесторлар үшін жеңілдіктер ұсыну мүмкіндігін ескеру;
  • орналастыру алдында халықпен түсіндіру жұмыстарын жан-жақты жүргізу: кемінде 1 ай қалғанда өтініш кітаптарын алдын ала ашу;
  • бірінші кезектегі жекешелендіруге Қордың негізгі қызметімен айналыспайтын шағын компанияларын шығару мүмкіндігін қарастыру;
  • өңірлердегі басқаруға алуы мүмкіндігіне қатысты сұранысты ескере отырып, таратылатын кәсіпорындардың тізімін ӘКК мен әкімдіктерге жіберу.

30 наурызда кеңес отырысының Хаттамасы бекітілді. Енді Қордың портфельдік компанияларын кеңейтілген жекешелендіру жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметінде қаралатын болады.

Болат Жәмішев компаниялар IPO-ға шығар алдында Қоғамдық кеңестің қосымша отырыстары өткізіліп, оған қалың жұртшылықтың өкілдерін шақыруға уәде етті. Оған дейін ел тұрғындары «Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтында өз пікірін білдіруге толық мүмкіндіктері бар. Ол үшін «Қоғамдық кеңес» парақшасында  өз атыңыздан ұсыныстар мен тілектер қалдыра аласыз.
 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: