Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
KTZ Express (ҚТЖ еншілес компаниясы) және China Railway Container Transport Co. Ltd. (ҚХР) Иран – Қытай көлік бағытын жаңартады.
2024 жылғы 21 шілдеде Априн (Иран) теміржол станциясында Иран, Қытай, Қазақстан және Түркіменстан өкілдерінің қатысуымен Иран – Қытай контейнерлік пойызын жөнелту рәсімі өтті.
Гипс ұнтағы бар 50 қырық футтық контейнерден тұратын құрам жалпы ұзақтығы 12 күн болатын Иран – Қазақстан – Қытай бағыты бойынша жолға шықты.
Бұл оқиға көлік дәлізін қалпына келтірудегі маңызды қадам болды, сондай - ақ маршрутқа қатысушы елдер арасындағы халықаралық сауда байланыстарын нығайтады.