Главная Новости Ірі еуропалық жүк тасымалдаушы Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта жандандырды
01 июня 2026, 12:59 70

Ірі еуропалық жүк тасымалдаушы Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта жандандырды

Ірі еуропалық жүк тасымалдаушы Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта жандандырды

Бүгін, 1 маусымда Астана халықаралық әуежайына Cargolux Airlines International S.A. (Люксембург) алғашқы рейсі келіп қонды. Бұдан бұрын ҚМГ-ның еншілес ұйымы - ҚазМұнайГаз-Аэро мен Cargolux компаниясы елорданың әуе айлағындағы рейстерге үздіксіз қызмет көрсетуге кепілдік беретін ұшақ «қанатына» отын құю қызметтерін көрсетуге шарт жасасқан болатын.

Еуропалық жетекші жүк тасымалдаушыларының бірінің Қазақстан бағытындағы рейстерін қайта жандандыруы еліміздің Еуразияның стратегиялық көлік-логистикалық торабы ретіндегі орнының дәйекті түрде нығайып келе жатқанын айғақтайды.

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған тапсырмалары аясында жүргізіліп жатыр. Рейстердің қайта ашылуы – ҚР Үкіметінің, ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының және отандық авиациялық сектордың халықаралық маршруттық желіні кеңейту, авиациялық инфрақұрылымды дамыту және әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Отандық авиация нарығының тартымдылығының қосымша факторы – бұл халықаралық тасымалдаушылар үшін жасалған бәсекеге қабілетті жағдайлар. Қазақстан Орталық Азиядағы авиациялық отынға ең төмен бағаларды сақтап отыр, бұл елдің әуежайлары арқылы транзиттік, техникалық және жүк рейстерінің ұлғаюына ықпал етуде.

Анықтама:
Cargolux Airlines International S.A.
(Люксембург) — Еуропадағы ең ірі жүк авиакомпанияларының бірі. Әуе тасымалдаушының ұшақ паркінде 747‑400F (жүк көтергіштігі 124 тоннаға дейін) және Boeing 747‑8F (жүк көтергіштігі 130 тоннаға дейін) жүк ұшақтары бар. Компания Еуропаға, Азияға, АҚШ және Африкаға тұрақты және чартерлік рейстерді орындайды. Соның ішінде ірі жүктерді, тез бұзылатын тауарды тасымалдап, бағалы әрі мамандандырылған жүктерді жеткізеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: