Главная Новости Исатай Тайманұлының рухына тағзым
20 қазан 2021, 10:09 2160

Исатай Тайманұлының рухына тағзым

Исатай Тайманұлының рухына тағзым

Исатай ауданының орталығы Аққыстау селосында қазақ ұлтының азаттығы үшін күрескен батыр Исатай Тайманұлының туғанына – 230 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Шараға Атырау қаласынан арнайы шақырылған делегация, ғалымдар мен тарихшылар, Исатай ауданының жұртшылығы қатысып, ерлікке тағзым етіп, батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткен «Бабалар аңсаған Тәуелсіздік» атты мерекелік шараға аудандағы іргелі ұжым «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының ұжымы да қатысты.

Халық батыры Исатай Тайманұлының 230 жылдығына арналған «Ел теңдігін аңсаған Исатай батыр» облыстық ғылыми-практикалық конференцияда тарихшылар тақырып аясында жұртшылыққа жақсы таныс ғылыми деректермен қоса, жұртына бостандық таңын сыйлауды мақсат еткен батыр бабамыздың әлі кең таныла қоймаған қырларына да тоқталды. Исатайтанушы ғалымдар да қолға алынып жатқан ғылыми еңбектер туралы да кеңінен айтып өтті.

Ғылыми-практикалық конференцияда сөз алғандар, тарихшылар, исатайтанушы ғалымдар, көзі қарақты қарапайым оқырмандар қауымы 1836-1838 жылдарда ұлт-азаматтық көтерілістің ұйымдастырушысы болған Исатай Таймановтың еліне, жеріне жасаған ерлік істеріне ерекше мән беріп, ұлт батырының есімін ұлықтап, бүгінгі ұрпаққа таныстыру, келешекке аманаттауды міндет еткен шараның ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: