Главная Новости «Ішкі сенім бізді алдамады». Ардагер мұнайшының естелігі
21 қыркүйек 2021, 08:52 1429

«Ішкі сенім бізді алдамады». Ардагер мұнайшының естелігі

«Ішкі сенім бізді алдамады». Ардагер мұнайшының естелігі

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның қалыптасуы мен өркендеуі өмір жолын өндіріспен өрген ардагерлердің көз алдында өрбіді. Кен орнында қалтқысыз қызмет еткен мұнайшылар арқасында жазық далада басталған игеру жұмыстары жеміс беріп, оң нәтиже көрсетті.

Бүгінде зейнеткерлік демалыстағы Рахметолла Мырзабай өмірінің 30 жылдан астам уақытын Қаражанбасқа арнады. Білмегенін үйреніп, білгенін бөлісуден жалықпайтын ардагер кен орнындағы қилы кезеңдерді үнемі еске алып отырады.

«Кен орнына мұнай өндірудің алғашқы жылдарында келгендіктен талай қиындықпен бетпе-бет кездестік. Жергілікті жұмысшылар игерудің қыр-сырын, әдістерін аз білді. Жабдықтар мен техника тапшылығы тағы бар. Кен орнын жаяу жүріп өткен жылдар әлі жадымда. Бірақ мұның бәрі уақытша кедергі екенін ұғынып, Қаражанбастың нұрлы болашағына сендік. Ішкі сенім бізді алдамады», – дейді Рахметолла Мырзабай.

Ардагер қара алтын өндіру саласына сүбелі үлес қоса жүріп, асыл жарымен бірге 4 бала тәрбиелеп өсірді. Қазір қос ұлы әке жолын жалғап, Қаражанбас мұнайының игерілуіне атсалысып келеді. Рахметолла мұнайшы ұлдарына қазір Қаражанбаста өнімді еңбек етуге зор мүмкіндік бар екенін айтып, тек жұмыс істеуден жалықпау керектігін үнемі ескертіп отырады.

«Қаражанбас үшін қиын кезеңде жалақысыз да жұмыс істедік. Тамақ пен мүлікті талон арқылы алған сәттер әлі есімде. Қазір рахат қой. Жатын орын, дәмі тіл үйіретін тағамдар, әр цехте бірнеше көлік, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай өте жақсы. Тек осыны бағалай білу керек!», – дейді ардагер.

Қаражанбаста қанат қатайтқан Рахметолла Мырзабай үш жылдан бері зейнет демалысында. Ұл-қызынан тараған ұрпағын қызықтаған ата, еңбектің көпке жеткізетінін немерелерінің санасына ерте жастан сіңіріп келеді. Қаражанбастың оң өзгерістері мен соңғы жаңалықтарын қалт жібермейтін ардагер ҚБМ-ның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенімді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: