Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев және «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды SKnews.kz «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Меморандум аясында «Қазпошта» АҚ-ның Forte экожүйесіне пошталық, агенттік және қаржылық қызметтерді көрсету бағытында өзара тиімді ынтымақтастық орнату қарастырылған.
Қазпошта және ForteBank өкілдері логистика саласында ынтымақтастық орнатпақ. Меморандумға сәйкес «Қазпошта» АҚ қарасты фулфилмент-орталықтарының қуаттылықтарын бірлесе қолдану жоспарланып отыр. Аталған орталықтар маркетплейстер мен интернет-дүкендерге тауарларды сақтаудан бастап оны клиенттерге жеткізуге дейінгі қызметтердің толық кешенін ұсынады.
«Біздің компанияның ауқымды инфрақұрылымы және логистикасы – бұл тек жеткізу ғана емес, сонымен бірге оны жинақтау және фулфилмент бойынша тиісті қызметтер көрсетілді. Біз бірнеше жыл қатарынан бұл бағытты белсенді дамытуды қолға алып, екінші деңгейлі банктермен ықтымақтастық орнаттық. Бұл – банктің өкілдігі қарастырылмаған шалғай ауылдар үшін аса маңызды. Біздің бөлімшелердің дені аудан орталықтарында және ауылдарда екендігін ескерсек, жеткізу логистикасын қамтамасыз етуге мүмкіндік бар. Бүгінгі меморандум өзара тиімді ынтымақтастыққа жол салатыны сөзсіз», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.
Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысында ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жоспарлап отыр.
«Меморандум біздің компаниялардың ұзақмерзімді және өзара тиімді негізде іскерлік әріптестік орнатуға және дамытуға жол салады. Электрондық коммерция – біздің әріптестігіміздің бір бағытына айналмақ. Енді Forte экожүйесінің бір бөлігіне айналған маркетплейстің клиенттері өздерінің тапсырыстарын Қазақстан бойынша Қазпоштаның кез келген бөлімшелерінен алуға мүмкіндіктері бар», – деді ForteBank Басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.
Қазпошта өзінің пошта байланысы бөлімшелері, поштаматтар және курьерлік қызмет негізінде өзінің кеңейтілген тапсырыстарды беру жүйесін ұсынады.
372
27 апреля 12:01
Алатау Жарық Компаниясы: қауіпсіздік технологиялар бақылауында
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
237
06 мая 11:49
АлЭС: Живые встречи - реальные перспективы