Главная Новости Ізгілік шуағы
12 наурыз 2020, 13:53 1989 Анель Абулхаирова

Ізгілік шуағы

Ізгілік шуағы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-жылды Еріктілер жылы деп жариялады. Ол өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтіп, еріктілер қозғалысы дамудың жаңа кезеңіне түсетінін хабарлаған еді.

Еріктілік дегеніміз – адамның өз еркімен ақысыз көмек көрсетуі. Еріктілікпен ұйымдар арқылы, ынталы топтар немесе жеке де айналысуға болады, деп хабарлайды SKnews.kz

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген дана халқымыз. Қайырымдылық пен мейірімділікті біздің қанымызға сіңіріп, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ете білген. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі де осыдан қалған болса керек.

Әйгерім

Табысының бір бөлігін өзгелермен бөлісіп, риясыз көңілден қайырымдылықпен айналысып, сауапты істі жан байлығы деп ұғатын жан - күрделі құрылыс департаменті жобалық-сметалық жұмыстарының инженері Әйгерім Әлібекова:

уметтік желі арқылы келдім. Онда @aktau_kaiyrymdy_jandar тобы туралы ақпарат байқап қалып, парақ-шасындағы жақсы істерді көрдім. Жалпы, бұл топ қиын жағдайда қалып, өздеріне хабарласқан адамдарға көмектесуді мақсат етеді екен. Сол жылы желтоқсанда мүмкіндігі шектеулі балалардың құрметіне ұйымдастырылған "Нағыз батырлар кешіне" алғаш рет қатыстым. Биыл Жаңа Жыл қарсаңында қараусыз қалған қариялардың көңілін аулап, "100 ата-әже" кешін ұйымдастырдық. Жалғызбасты көпбалалы аналарға да көмектесіп, ең басты қажетті заттарын алып береміз. Егер бұдан да күрделілеу өтініштер түссе де бас тартпаймыз. Ондай жағдайда өз қаражатымыз жетпесе желідегі еріктілердің көмегімен жүзеге асыруға тырысамыз.

Күннен-күнге жұмыстан босай салы­сымен ортақ іске қол ұшын созатын ересектер қатары көбеюде. Бұл облыс деңгейіндегі жоба болған­дықтан да көкжиегі кең, ел ауқымында ниеттес құрбы-құрдас жандармен пікір алмасуға, қажетті орта қалыптастыруға да таптырмас алаң болып шықты. Топ мүшелерінің басым бөлігі жай күндері де жиі хабарласып, қал сұрауға асығатын адал досқа, үзеңгілес серікке айналды.

Әлсіз адамдарға, өмірлік қиын жағдайға түсіп қалғандарға көмектесе жүріп, небір қиын жағдайларға куә болдық. Өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан жазылмайтын ауыр дертке шалдыққан адамдарды көргенде өмірге басқаша қарай бастайды екенсің. Бұрынырақта маңызды көрінген, жанға маза бермеген мәселелер басқалардың қайғысының жанында түкке тұрғысыз болып қалып, тәубеңе келеді екенсің.

Аида

Өне­гелі істер туралы әлеуметтік желі­ден оқып, қайырымды жандардың қатарына қосылғандардың енді бірі - адам ресурстарын басқару департаментінде қызмет атқаратын Чоинбаева Аида.

– "Қайырымды жан қайырым етпес есеппен, ізгі іс етсең, текті тірлік сүргенің" демекші бұл салаға жүрек қалауымен келдім. Шетелде де миллионерлер ай сайын қайырым-дылыққа міндетті ақша аударуды әдетке айналдырған емес пе?!. Бұл ақыл-есі толық, мүмкіншілігі бар кез-келген адам жасай алатын әрекет. Қомақты қаржы болмаса да, адамдарға деген мейірім мен бөлінген уақытыңның өзі қайырым-дылыққа жатады. Ай сайын қарттар үйіндегі қарияларды туған күндерімен құттықтау, мүжәлсіз отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыр науқасқа шалдыққан балалардың еміне қаражат жинау – бұл мен құрамына кірген Ақтау қайырымды жандар тобы атқарып жүрген жұмыстардың бір парасы. Қамкөңіл қариялар үнемі жылы сөз бен риясыз жүздесуді қалап тұрады. Әлеуметтік жәрдем де қажет қой, бірақ, ең басты­сы, олардың естелігіне құлақ асып, әңгімесін мұқият тыңда­саң бір жасап, сергіп қалады. Бізді көргенде балаша қуанып, алғысын жаудырып, батасын беріп жатады. Бұл деген зор қуаныш, бақыт сыйлайды. Уақытымды еріктілікке жұмсау – жеке тұлға ретінде өсіп-дамуыма құйылған инвестиция деп ойлаймын", - деп әңгіме тиегін ағытқан Аида қазақ халқының "сауап" деген ұғымын жастарға ұғын­дырудың мәні зор дейді.

Міне, біздің қыздарымыз осындай. Қайырымдылық жүректің ісі дейтін олар әрекеттерін көпке айтуды, жар салуды ар санайтыны хақ. Бұл туралы журналистік ғадет бойынша Еріктілер жылына байланысты індетіп жаңалық іздеп жүріп, біз де кездейсоқ естідік. Сосын осындай әріптестеріміздің жақсы ісін жария қылу арқылы өзгелер үлгі алып, жақсылық жасауға тырысатындардың қатары көбейер, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтеріледі деген мақсатта қолға қалам алдық.

Ерікті болу – ерлікпен тең, еріктілердің ерен еңбегі адамгершілік пен кісіліктің үлгісі. Біздің әрқайсымыз бойымызда белсенді өмір сүруге дағды қалыптастырсақ, әрине, алынбайтын асу жоқ. Сондықтан да, әрқашанда  қайырымдылықпен айналысып, ізетті іс жасауға   асығайық, әріптестер!

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: