Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов израильдік инвесторлармен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Шетелдік компания Жетісу жерінде қуаты 500 МВт болатын күн электр стансасының құрылысы жобасын жүзеге асыруға ниетті, деп хабарлады Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов "El-Mor electric installation & Services (1986) Ltd" компаниясының президенті Гершон Гай мырза бастаған компания өкілдерімен іргелі жобаға қатысты мәселелерді талқылады. Алдымен өңірдің инвестициялық мүмкіндіктеріне қысқаша тоқталып, Жетісу өңірінің жасыл энергияны дамытудағы әлеуетінің мол екенін атап өткен Әсет Қанағатов шетелдік компанияның ұсынып отырған инвестициялық жобасына жергілікті әкімдік барынша қолдау көрсететін айтты.
Израильдік компания жаңартылған энергия көздері саласында қуаты 500 МВт болатын «Жетісу облысы аумағындағы күн фотоэлектрлік электр станциясы кешенінің құрылысы» жобасын отандық «Sunstar Energy» ЖШС-мен бірлесіп қолға алуға ынта білдіріп отыр. Компанияның инвестициялар жөніндегі директоры Давид Голодтың айтуынша, жобаға шамамен 400 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынады.

Әсет Қанағатовтың айтуынша, алдағы уақытта құрылысқа қажетті жер учаскесі айқындалады. Және жұмыс тобы құрылып, жобаны іске асырудың нақты шаралары мен мерзімдері белгіленетін болады.
Кездесу соңында облыс әкімдігі, «El-Mor electric installation & Services (1986) Ltd» компаниясы және «Sunstar Energy» ЖШС арасында аталған жобаны жүзеге асыру ниеті туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
123
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»