Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Шухрат Данбайдың бастамасымен, "Жеті қазына" жобасы аясында, аталған өндіріс орнында жұмыскерлерді Арнайы киіммен, қорғаныс заттарымен қамтамасыз ету және қызмет көрсету орталығы, жаңа мұрағат құрылуда деп хабарлайды SK News тілшісі.
Арнайы киім, аяқ киіммен қамтамасыз ету жүйесі жаңа, қазіргі заманғы сервистік модельге өтіп жатыр. Бұл дегеніңіз, орталық қоймаға аяқ киім мен арнайы киімнің түсуі, қызметкерлерге таратылуы, жуу, химиялық тазалау, өлшемге сай келтіру және кәдеге жарату цифрландырылуда: әрбір киім жиынтығы қызметкерге тиесілілігі бойынша чиптелмек.
"Жоба аясында қоймалар ұйымдастырылып, еңбеккердің әрқайсына дәл келетін өлшемдерді анықтау, химиялық тазалауға беру және ұсақ жөндеуге арналған бөлме дайындалады. Осылайша, қызметкерлер жұмыс орнында қауіпсіз қызмет атқару үшін жедел түрде жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі", делінген "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің хабарында.
Орталықтың жанынан барлық талаптарға сай құжаттарды сақтауға арналған орталықтандырылған мұрағат орналасып, онда зауытты жаңғыртудың 3 кезеңінің барлық құжаттары сақталмақ.
Қазіргі таңда құрылысшылар "Jeti Qazyna" жобасы аясында, жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес, ғимараттарды жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен. Мәселен қабырғаларды, төбе мен еденді, инженерлік коммуникацияларды жаңарту сынды жұмыстар жүргізілуде. Ғимарат қатаң түрде корпоративтік мәнерде әрленбек.
"Jeti Qazyna" жобасын іске асыруды осы жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы