Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Үздіксіз және тұрақты мұнай өндіруде қабат қысымын ұстау маңызды міндет. Қаражанбаста бұл қызметті қабат қысымын ұстайтын арнайы цех атқарады.
Мұнда қолданылатын құрылғылардың күрделілігі мен әртүрлілігі мамандардың кәсіби біліктілігін талап етеді. Ал қабат қысымын ұстау цехінің операторы – технологиялық процесті жүргізіп, құрылғылар мен механизмдерге қызмет көрсететін, айдау ұңғымаларының жұмысын бақылайтын әмбебап қызметкер. Аталмыш цехте 100-ден астам жұмысшы еңбек етеді.
Солардың бірі – өмірінің он жылдан астам уақытын өндіріспен өрген Берік Мырзатаев. Ол күн сайын өзіне белгіленген аумақтағы 27 ұңғының жай-күйін жіті бақылайды. Ұңғылардың қабылдауы мен қысымын тексеріп, технологиялық режимнің сақталуын қадағалайды.
«Менің қызметім мұнай өндірудегі маңызды бағыттардың бірі. Егер қабат қысымы төмендесе немесе керісінше артық болса, жер ойылып немесе субұрқақ пайда болуы мүмкін. Жұмыстың барлық жауапкершілігін сезіне отырып, көрсеткіштің әр санына мұқият қараймын. Ұжымым ұйымшыл, әрқашан бір-бірімізге көмектесеміз, үлкендер ақылын аямайды. Біз де жас мамандармен білгенімізді бөлісеміз», – дейді кейіпкеріміз.
Цех құрамына 8 бригда кіреді. Негізгі мамандар қатарын қабат қысымын ұстау операторы, сорап машинисі, сондай-ақ слесарь-жөндеушілер құрайды. Бір үйдің баласындай тату ұжым Берік Мырзатаевтың өндірістегі және қоғамдық шаралардағы белсенділігін үлгі тұтады.
«Берік ұжымымыздағы белсенді жігіттердің бірі. Жұмыстан бөлек, спорт жағынан да алдыңғы шепте көрініп жүрген азамат. Талай жетістігінің арқасында алған марапаты жетерлік. Кейде шеберлеріміз белгілі себеппен жұмыста болмаса, цех басшысы шебердің орнын уақытша алмастыруды Берікке тапсырады. Бұл да оның өз ісіне жауапты маман екенін дәлелдейді», – деді қабат қысымын ұстау цехінің аға инженері Нұрлыбек Қоңырбаев.
Қаражанбастың қабат қысымын ұстау – цехке жүктелген маңызды міндет. Бұл қауіпсіздіктің, технологиялық тиімділіктің және қара алтын өндірісін арттырудың негізі. Ал кәсіби білікті жұмысшылар тұрақты дамудың кепілі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
167
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете