Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
2025 жылғы 25 шілде күні «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Жас мамандары «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған іссапармен барды.
Іс-шараның мақсаты – жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру, өндірістік процестермен танысу, сондай-ақ теңіз тасымалы және логистика саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісу арқылы іскерлік байланысты кеңейту. Сапар барысында қатысушыларға компанияның негізгі қызмет бағыттары таныстырылып, флот жұмысы, кемелерді басқару жүйесі, қауіпсіздік талаптары және заманауи технологиялық шешімдер бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Жас мамандардың кәсіби өсіп-жетілуіне бағытталған мұндай тәжірибе алмасу шаралары өте маңызды. Бұл – өндірістен тыс ортада да кәсіби ой-өрісті кеңейтуге, жаңа сала өкілдерімен байланыс орнатуға таптырмас мүмкіндік. Алдағы уақытта біз де «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының жас мамандарын «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік алаңдарында қарсы алып, осындай өзара тәжірибе алмасу шараларын жалғастырамыз, – деп атап өтті Жас мамандар кеңесінің төрағасы Ержан Есполов.
Кәсіби ынтымақтастықты нығайту – қазіргі заманғы еңбек нарығында табысты болудың маңызды шарты. Осы бағыттағы бастамалар жас мамандардың жаңа білім мен тәжірибе алуына жол ашып, олардың салаға деген қызығушылығын арттыра түспек.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
72
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы